Ефестіктерге
6 Балалар, ата-аналарыңа мойынсұныңдар+, өйткені бұл Құдайдың еркіне сай әрі дұрыс. 2 “Әке-шешеңді құрметте”+. Бұл — келесі уәдемен қоса берілген алғашқы заң: 3 “Сонда өзіңе жақсы болады, әрі жерде ұзақ ғұмыр кешесің”. 4 Ал сендер, әкелер, балаларыңды ызаландырмаңдар+, керісінше, Ехоба айтқандай тәрбиелеп+, оның ақыл-кеңесін беріп өсіріңдер+.
5 Құлдар, қожайындарыңа, Мәсіхке мойынсұнғандай, зор құрметпен әрі шын жүректен мойынсұныңдар+. 6 Мұны адамдарға жағынғысы келетіндер сияқты көзге түсу үшін ғана істемеңдер+, қайта, Мәсіхтің құлдары ретінде Құдайдың еркін жан-тәндеріңмен орындаңдар+. 7 Адамдарға емес, Ехобаға қызмет етіп жүргендей, бар ынталарыңмен еңбек етіңдер+. 8 Өйткені игі іс жасаған әрбір адам, құл не ерікті болсын, Ехобадан қарымтасын алатынын білесіңдер+. 9 Қожайындар, сендер де құлдарыңа сондай көзқараста болып, оларға сес көрсетуді қойыңдар. Себебі олардың да, өздеріңнің де көкте Қожайындарың бар екенін білесіңдер+. Ол ешкімді алаламайды.
10 Соңында сендерді мынаған шақырамын: Иемізден күш алып+, оның құдіретімен нығая беріңдер. 11 Ібілістің зымиян іс-әрекеттеріне тойтарыс бере алуларың үшін, Құдай берген сауыт-сайманмен түгел жабдықталыңдар+. 12 Өйткені біз адам баласына* қарсы емес, үкіметтерге, билеушілерге және түнектегі осы дүниені билеп-төстеп отырған әкімдерге қарсы, яғни көктегі зұлым рухтарға+ қарсы күресудеміз+. 13 Сондықтан Құдай берген сауыт-сайманмен түгелдей жабдықталыңдар+, сонда зұлым күн келгенде қарсы тұра аласыңдар, әрі бәрін толық орындаған соң, берік тұрасыңдар.
14 Ендеше нық тұрып, белдеріңе шындықты белдік етіп тағыңдар+, әділдікті сауыт қылып киіңдер+. 15 Аяқкиімдеріңді де киіп, татулық туралы ізгі хабарды уағыздауға дайын болыңдар+. 16 Бұларға қоса, сенімнің үлкен қалқанын алыңдар+, онымен Зұлымның* отты жебелерінің бәрін өшіріп тастай аласыңдар+. 17 Сондай-ақ бастарыңа құтқарылудың дулығасын киіңдер+ және қолдарыңа рухтың семсерін, яғни Құдай сөзін+ алыңдар. 18 Құдайға әртүрлі дұға айтыңдар+ және жалбарыныңдар, әр жағдайда рух арқылы сиына беріңдер+. Бұл үшін әрдайым сергек болып, бүкіл қасиеттілер үшін жалбарына беріңдер. 19 Ізгі хабардың қасиетті құпиясын батыл жариялай алуым үшін, аузыма қажетті сөз түссін деп, мен үшін де дұға етіңдер+. 20 Осы хабарды жеткізуге жіберілген өкіл+ ретіндегі қызметімді шынжырланған күйі атқарудамын. Сондықтан оны тиісті түрде батыл айта алуым үшін дұға етіңдер.
21 Менің жағдайымды және не істеп жатқаным туралы сүйікті бауырласымыз әрі Иеміздің адал қызметшісі Тихик+ сендерге бәрін айтып жеткізеді+. 22 Мен оны біздің жағдайымыз туралы айтсын, әрі сендерді жұбатсын деп жіберіп отырмын.
23 Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх барлық бауырластарға тыныштық, сүйіспеншілік пен сенім сыйлай көрсін. 24 Иеміз Иса Мәсіхті шын сүйгендерге Құдайдың рақымы жаусын!