Әйүп
2 Белгіленген күні Құдай ұлдары*+ Ехобаның алдына жиналды+. Олармен бірге Шайтан да Ехобаның алдына келді+.
2 Ехоба одан: “Сен қайдан келдің?”— деп сұрады. Шайтан Ехобаға: “Мен жер бетін кезіп, түгел шарлап келдім”,— деп жауап қатты+. 3 Сонда Ехоба: “Қызметшім Әйүпке назар аудардың ба? Жер бетінде ол сияқты әділ де мінсіз+, Құдайдан қорқып, жамандықтан аулақ жүретін адам жоқ. Сен мені еш себепсіз оны құртып жіберуге түрткілеп едің+, бірақ ол әлі де мінсіздігінен тайған жоқ+”,— деді. 4 Алайда Шайтан Ехобаға: “Теріні теріге айырбастар: адам өз өмірін сақтап қалу үшін қолындағының бәрін береді. 5 Бірақ қолыңды созып, сүйегі мен етіне тигізсең ғой, ол көз алдыңда саған лағынет айтар еді”,— деп қарсылық білдірді+.
6 Бұған Ехоба: “Міне, ол сенің қолыңда. Тек оны өмірінен айырма!”— деді. 7 Бұдан кейін Шайтан Ехобаның алдынан кетіп қалды да, барып, Әйүптің табанынан қақ төбесіне дейін жанға бататын шиқан қаптатты+. 8 Сонда Әйүп денесін қырнау үшін құмыраның бір сынығын алды да, күлге отырды+.
9 Оған әйелі келіп: “Әлі де мінсіздігіңнен таймай отырсың ба? Одан да Құдайға лағынет айт та, өле қал!”— деді. 10 Бірақ Әйүп оған: “Сен ақымақ әйелдердей сөйлеп тұрсың. Біз Құдайдан тек жақсылықты қабылдап, жамандықты қабылдамауымыз керек пе+?!”— деп жауап берді. Басына қанша қасірет түссе де, Әйүп ағат сөйлеп, күнә жасамады+.
11 Әйүптің үш досы* темандық Елифаз+, шуахтық+ Билдад+ пен нағаматтық Сопар+ оның барлық қасіреті жөнінде естіп, әрқайсысы өз жерінен жолға шықты. Үшеуі бір жерде кездесіп, Әйүптің көңілін сұрап, жұбатуға бармақ болды. 12 Олар Әйүпті алыстан көріп, бастапқыда танымай қалды. Сосын дауыстап жылап, киімдерінің өңірін айырды. Үшеуі аспанға топырақ шашып, бастарына да септі+. 13 Бұдан кейін Әйүппен бірге жерде жеті күн, жеті түн отырды. Ешқайсысы ләм демеді, өйткені оның қатты қиналып отырғанын көрді+.