16 Адам жүрегінде ой түзер,
Бірақ айтатын жауабы Ехобадан+ келер.
2 Адамға жолының бәрі тура көрінер+,
Бірақ ниетін Ехоба тексерер+.
3 Бар ісіңді Ехобаға сеніп тапсыр+,
Сонда жоспарларың іске асар.
4 Ехоба бәрін де ниеті жүзеге асатындай етіп жасайды,
Тіпті зұлымды да алапат күні жояды+.
5 Көкірек көтерген әркім Ехобаға жеркенішті+,
Шүбә жоқ, мұндайлар жазасыз қалмайды.
6 Айнымас сүйіспеншілік пен адалдықтың арқасында күнә өтелер+,
Ехобадан қорыққан адам жамандықтан аулақ жүрер+.
7 Ехобаға адамның жолы ұнаса,
Оны тіпті жауларымен татуластырар+.
8 Табысы мол арамза болғаннан гөрі+,
Кірісі аз әділ болған артық+.
9 Адам жүрегінде жүрер жолын ойластырады,
Бірақ қадамдарын Ехоба бағыттайды+.
10 Патшаның аузы Құдай шешімін айтсын+,
Әділ билік айтудан еш таймасын+.
11 Адал таразы мен оның табақшалары Ехобадан,
Дорбадағы кіртастар да содан+.
12 Залым істер патшаларға жеркенішті+,
Себебі әділдік патша тағын нығайтады+.
13 Патшалар тура тілді ұнатар,
Шын сөйлейтінді жақсы көрер+.
14 Патшаның қаһары — өлім жаршысы+,
Дана адам оның қаһарын басар+.
15 Патшаның жарқын жүзі өмір береді,
Рақымы жаңбыр әкелетін көктемгі бұлт іспетті+.
16 Алтыннан гөрі даналықты иемденген артық+!
Күмістен гөрі түсінікке ие болған жақсы+.
17 Шыншылдың жолы жамандықтан аулақ етер,
Өз жолын қадағалаған жанын сақтар+.
18 Көкіректік — күйреудің басы,
Тәкаппарлық — сүрінудің алды+.
19 Тәкаппарлармен олжа бөліскенше,
Момындардың арасында кішік болған жақсы+.
20 Мәселенің байыбына баратын табысқа жетеді,
Ехобаға сенім артатын бақытқа кенеледі.
21 Жүрегі дананы түсінігі бар дер+,
Тілі жұмсақтың сөзі нанымды келер+.
22 Терең түсінік — иесі үшін өмір бұлағы,
Ақымақтың жазасы — өз ақымақтығы.
23 Дананың жүрегі аузына терең түсінік салар+,
Сөзіне нанымдылық берер.
24 Жылы сөз ұядағы балдай,
Жанға жағымды, сүйекке шипалы+.
25 Адамға тура болып көрінетін жол бар,
Бірақ ол түбінде өлімге апарар+.
26 Тәбеті жұмысшыға еңбек еткізер,
Бұған аш құрсағы мәжбүр етер+.
27 Оңбаған адам жамандықты қазбалар+,
Сөздері оттай шарпып алар+.
28 Арандатушы араздық тудырар+,
Жалақор жақын достарды айырар+.
29 Зорлықшыл өзгені еліктірер,
Теріс жолға оны түсірер.
30 Ол көзін қысып, қастандық ойлар,
Ернін жымқырып, залымдығын іске асырар.
31 Ақ шаш — әсем тәж+,
Әділ жолмен жүрген соған қол жеткізер+.
32 Білектіден гөрі ашуға баяу+ жан артық,
Қаланы жаулап алушыдан гөрі ұстамды адам артық+.
33 Жеребе киімнің етегіне тасталар+,
Бірақ шешімін Ехоба берер+.