Матай
18 Сол уақытта Исаның жанына шәкірттері келіп: “Көк Патшалығында ең ұлы кім болады+?”— деген сұрақ қойды. 2 Сонда ол бір кішкентай баланы шақырып алып, орталарына тұрғызып, 3 былай деді: “Сендерге шындығын айтамын, өзгеріп, кішкентай балалар+ сияқты болмасаңдар, Көк Патшалығына кірмейсіңдер+! 4 Ендеше, кім өзін осы бала сияқты кіші тұтса, Көк Патшалығында ең ұлы сол болады+. 5 Сондай-ақ кімде-кім менің атымнан осындай кішкентай балалардың бірін қабылдаса, мені де қабылдағаны. 6 Ал кімде-кім маған сенген осы кішілердің біреуін сенімнен тайдырса*, оның мойнына диірмен тасы* байланып, теңіз тұңғиығына батырылғаны жақсырақ болады+.
7 Адамдардың күнә жасауына себепші* болып отырғаны үшін осы дүние қасіретке қалады! Күнә жасауға себепші болатын жайттардың болары сөзсіз, бірақ бұл кім арқылы жасалса, сол қасіретке қалады! 8 Егер қолың не аяғың күнәға азғырса*, оны кесіп ал да, лақтырып таста+, өйткені екі қол, екі аяғыңмен мәңгілік отқа* тасталғаннан гөрі, кемтар не шолақ болып, өмірді иеленгенің артық+. 9 Ал көзің күнәға азғырса, ойып ал да, лақтырып таста, себебі екі көзбен отты жаһаннамға* тасталғаннан гөрі, жалғыз көзбен өмірді иеленгенің артық+. 10 Байқаңдар, осы кішілердің бірде-біреуін менсінбей жүрмеңдер! Сендерге мынаны айтамын: олардың періштелері көктегі Әкемнің жүзін әрдайым көріп тұрады+. 11 *——
12 Қалай ойлайсыңдар, бір кісінің жүз қойы болып, біреуі адасып кетсе+, ол тоқсан тоғызын тауда қалдырып, адасып кеткенін іздеп шықпай ма+? 13 Рас айтамын, ол оны тауып алса, адаспаған тоқсан тоғызынан гөрі сол қойына көбірек қуанады. 14 Сол сияқты, көктегі Әкем* де осы кішілердің бірде-біреуінің құрып кеткенін қаламайды+.
15 Бауырласың саған қарсы күнә жасаса, бар да, бұны оңашада өзіне айт+. Егер ол айтқаныңа құлақ асса, онда бауырласыңды дұрыс жолға қайтарғаның+. 16 Ал егер құлақ аспаса, жаныңа бір-екі кісі ертіп, тағы бар. Осылайша әрбір іс екі не үш куәгердің сөзімен дәлелденсін+. 17 Егер оларға да құлақ аспаса, онда қауымға айт. Ал қауымды да тыңдамаса, ол сен үшін басқа ұлт адамындай+ немесе салықшыдай болсын+.
18 Сендерге шындығын айтамын, жер бетінде нені байласаңдар, сол көкте байланып қойылған, ал жер бетінде нені шешсеңдер, сол көкте шешіліп қойылған болады. 19 Сендерге шындығын айтамын, жер бетінде араларыңдағы екеуің өзара келісіп, қандай да бір маңызды нәрсе жөнінде дұға етсеңдер, көктегі Әкем бұны орындайды+. 20 Себебі менің атымнан екі не үш адам жиналса+, мен де солардың араларында боламын”.
21 Сонда Петір оның қасына келіп: “Ием, бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны қанша рет кешіруім керек? Жеті ретке дейін бе?”— деп сұрады. 22 Иса былай деп жауап берді: “Саған айтамын, жеті емес, жетпіс жеті ретке дейін+.
23 Осы жағынан Көк Патшалығын құлдарынан есеп алғысы келген патшаға теңеуге болады. 24 Патша қарыздарын жинай бастағанда, оған 10 000 талант* күміс қарыз болған бір құлды әкеледі. 25 Бірақ қарызын төлейтін ештеңесі болмағандықтан, патша оның өзін, әйелін, бала-шағасы мен бар мал-мүлкін сатып, содан түскен ақшамен қарызын өтеуді бұйырады+. 26 Сонда құл оның алдына жығылып: —Маған мұрсат бере көріңіз! Мен бәрін де төлеймін!— деп жалынады. 27 Құлына жаны ашыған патша оны босатып, қарызын кешіреді+. 28 Бірақ әлгі құл сыртқа шыққан соң, өзіне 100 динар* қарыздар басқа бір құлды тауып алып: —Маған қарызыңды түгел қайтар!— деп, алқымынан алып, қылғындыра бастайды. 29 Сонда ол аяғына жығылып: —Маған мұрсат бере көр, қарызымды қайтарамын!— деп жалына бастайды. 30 Бірақ әлгі құл күткісі келмей, барып, оны қарызын түгел қайтармайынша, түрмеге жапқызып қояды. 31 Алайда мұны көрген басқа құлдардың қатты көңілдері түсіп, патшаға барып, болған жайттың бәрін жеткізеді. 32 Сонда патша өзіне қарыздар құлды шақырып алып: —Әй, зұлым құл! Сен жалынғанда, мен бар қарызыңды кешірдім ғой! 33 Олай болса, менің саған рақым танытқанымдай, сен де оған рақым танытуың керек емес пе еді+?— деп, 34 қаһарланып, оны қарызын түгел қайтармайынша, түрмешілердің қолына тапсырады. 35 Тап солай, егер әрқайсысың өз бауырласыңды шын жүректен кешірмесеңдер+, көктегі Әкем де сендерге солай етпек+”.