Тімөтеге 1-хат
4 Алайда Құдай рухы мынаны анық айтады: кейбіреулер Құдайдан келгендей көрінетін алдамшы сөздерге және жындардың ілімдеріне ден қойып, сенімнен тайып кететін кез келеді+. 2 Бұл ар-ұждандары қызған темірмен күйдірілгендей сезімсіз болып қалған екіжүзді өтірікшілердің кесірінен болады+. 3 Олар некеге тұруға тыйым салады+, қандай да бір тағамдарды жемеуді бұйырады+. Ал бұл тағамдарды Құдай сенімі бар әрі шындықты жақсы білетін адамдар ризашылық білдіріп жеу үшін+ жаратқан+. 4 Себебі Құдайдың жаратылыстарының бәрі керемет+. Ризашылықпен қабылданған ешқандай тағамнан бас тартпаған дұрыс+. 5 Өйткені бұндай тағамдар Құдай сөзімен және дұға арқылы қасиетті болады.
6 Бауырластарға осы кеңесті бергенде, сен Мәсіх Исаның ізгі қызметшісі, яғни сенім туралы сөздерден және өзің берік ұстанатын керемет ілімнен нәр алатын қызметші боласың+. 7 Кексе әйелдердің қасиеттіні қор қылатын аңыздары іспетті әңгімелерден аулақ бол+. Оның орнына, Құдайға шын берілгендік дамытуды мақсат етіп, жаттыға бер. 8 Денені жаттықтырудың шамалы пайдасы бар, ал шын берілгендік барлық жағынан пайдалы, өйткені ол қазіргі және болашақ өмірге деген уәдемен байланысты+. 9 Бұл сөздер сенімді, әрі оны толық қабылдау қажет. 10 Сондықтан да біз жан сала еңбек етіп, күш салып жүрміз+, себебі тірі Құдайға үміт артамыз. Ол — әртүрлі адамдардың+, әсіресе адал адамдардың Құтқарушысы+.
11 Осыларды ұстануды бұйыр, әрі оларды үйрете бер. 12 Ешкімнің өзіңді жассынып, менсінбей жүруіне жол берме. Қайта, адал болып жүргендерге сөзіңмен, жүріс-тұрысыңмен, сүйіспеншілігіңмен, сеніміңмен және пәк тазалығыңмен үлгі көрсет. 13 Мен барғанша, өзгелердің алдында оқуды+, оларға насихат айтуды*, тәлім беруді бар ықыласыңмен жалғастыра бер. 14 Ақсақалдар кеңесі үстіңе қолдарын қойып, өзің туралы пайғамбарлық еткенде алған сыйыңды елемей жүрме+. 15 Осылар туралы ой жүгірт, өзіңді соларға арна, осылайша жетістіктерің жұрттың бәріне анық көрінетін болсын. 16 Өзіңе және беріп жатқан тәліміңе әрдайым ден қой+. Ұдайы осыларды істей бер, сонда өзіңді де, тыңдаушыларыңды да құтқарасың+.