Ишая
66 Ехоба мынаны айтады:
“Көк — менің тағым, ал жер — табан тіренішім+.
—Мен мынадай адамға назар саламын:
Кішіпейіл, жаны күйзелген, әрі сөзімді қастер тұтатын+.
3 Мен былай деп есептеймін: адамның бұқа сойғаны — кісі өлтіргені+,
Құрбандыққа қой шалғаны — иттің мойнын үзгені+,
Сый-тарту ұсынғаны — шошқаның қанын ұсынғаны+,
Олар өз жолдарын таңдады,
Жиренішті нәрселерден рақат табады.
Өйткені шақырғанымда, олар жауап бермеді,
Сөйлегенімде, тыңдайтын ешкім болмады+.
Олар мен жаратпайтын нәрселерді істей берді,
Маған ұнамсыз нәрселерді таңдады+”.
5 Ехобаның сөзін қастерлейтіндер, оның сөзін тыңдаңдар:
“Менің есімім үшін сендерді жек көріп, шеттететін бауырларың: —Ехоба мадақталсын!— дейтін+.
Бірақ мен өзімді паш етіп, сендерді қуанышқа кенелтемін,
Ал олардың масқарасы шығады+”.
6 Қаладан гүріл, ғибадатханадан у-шу естіліп жатыр!
Өйткені Ехоба дұшпандарына тиісті жазасын беруде.
8 Мұндайды бұрын-соңды кім естіген?
Бұрын-соңды кім көрген?
Бір күнде ел туылған ба?
Кенеттен халық дүниеге келген бе?
Әйтсе де Сион тауы толғақ азабын шегер-шекпес, ұлдарын дүниеге әкелді.
9 “Айы-күніне жеткізе отырып, қалайша Сионды босандырмаймын?— дейді Ехоба.
—Туу қабілетін бере тұра, қалайша құрсағын жауып қоямын?”— дейді сенің Құдайың.
10 Иерусалимді сүйетіндер+, бәрің де онымен бірге қуаныңдар, онымен бірге шаттаныңдар+.
Оны жоқтап қайғырғандар, бәрің де онымен бірге шат-шадыман болыңдар.
11 Өйткені сендер оның төсін еміп, барынша жұбанасыңдар.
Көкірегін сорып тоясыңдар, мол салтанатынан қуаныш табасыңдар.
12 Ехоба мынаны айтады:
Ол сендерді емізіп, әлпештеп көтеріп жүреді,
Тізесіне салып әлдилейді.
Сендер Иерусалимге қарап, жұбаныш табасыңдар+.
14 Мұны көргенде, жүректерің қуанышқа кенеледі,
Сүйектерің күш-қуатқа толып, көк майсадай болады.
Осылай Ехобаның құдіреті қызметшілеріне аян болады.
Ал дұшпандарын ол айыптайды+.
15 Лаулаған қаһарымен қарымталарын қайтару үшін,
От жалынымен жазаларын тартқызу үшін+,
Ехоба оттай жалындап+,
Арбалары құйындай жүйткіп келеді+.
16 Ехоба отпен сот жүргізеді,
Иә, күллі адамзатты семсерімен соттайды.
Ехобаның қолынан сұлағандар көп болады.
17 Ортада тұрғанға еріп, бақтарға* кіруге дайындалып, жуынып-шайынатындар+, шошқа етін+, жиренішті нәрселер мен тышқан жейтіндер+ құрып жоғалады,— дейді Ехоба.— 18 Мен олардың істері мен ойларын білемін. Сондықтан күллі ұлттарды және әртүрлі тілдерде сөйлейтін адамдарды жинауға келе жатырмын. Олар келіп, менің ұлылығымды көретін болады.
19 Мен олар үшін белгі қойып, аман қалғандардың кейбірін өзге ұлттарға жіберемін, садақ тартатын Тарсис+, Пул және Луд+ елдеріне, Тұбал мен Ябанға+, әлі мен жайлы естімеген, ұлылығымды да көрмеген шалғай аралдарға жіберемін. Олар халықтар арасында менің ұлылығымды жариялайтын болады+. 20 Олар сендердің бауырларыңды Ехобаға арналған сый ретінде күллі халықтар арасынан жинап+, аттарға, арба-күймелерге, қашырлар мен желмаяларға мінгізіп менің киелі тауым Иерусалимге әкеледі,— дейді Ехоба.— Бұл кезінде Исраил халқының Ехобаның үйіне таза ыдыстармен сый-тарту әкелгені іспетті болады.
21 Мен олардың кейбірін діни қызметкерлер мен леуіліктер етіп тағайындаймын,— дейді Ехоба.
22 —Өзім жаратып жатқан жаңа аспан мен жаңа жердің+ алдымда қала беретініндей, сендердің ұрпақтарың мен есімдерің де солай қала береді+,— дейді Ехоба.
23 —Сонда әр айдың басында және әр Демалыс күні
Күллі адамзат бас ию үшін алдыма келетін болады+,— дейді Ехоба.
24 —Олар қаладан шыққанда, маған қарсы бүлік шығарғандардың өліктерін көреді.
Өліктерді қаптаған құрттар өлмейді,
Жалмап жатқан от та сөнбейді+,
Осылай олар күллі адамзат үшін жиренішті болады”.