Жохан
12 Құтқарылу мейрамына алты күн қалғанда, Иса өзі өлімнен тірілткен Елазардың+ ауылы Бетанияға келді. 2 Сол жерде Исаға арнап кешкісін қонақасы берілді. Марта қызмет көрсетіп жүрді+. Дастарқан басына жантайғандар арасында Елазар да болды. 3 Сол кезде Мәриям 300 грамдай* өте қымбат таза нард иісмайын алды да, Исаның аяғына құйып, шашымен сүртті. Үй ішінде майдың жұпар иісі аңқып кетті+. 4 Сонда шәкірттердің бірі, Исаға опасыздық жасағалы жүрген Яһуда Исқариот+: 5 “Неге бұл иісмайды 300 динарға* сатып, түскен ақшаны кедейлерге үлестіріп бермедік?”— деді. 6 Бұны ол кедейлердің қамын ойлағандықтан емес, ұры болғандықтан айтты. Өйткені ортақ қаржы салатын жәшік соның қолында болып, ол одан ақша ұрлайтын. 7 Бірақ Иса былай деді: “Оны жайына қалдырыңдар, менің денемді қабірге қоюға дайындау үшін, осы салтты орындасын+. 8 Кедейлер әрқашан қастарыңда ғой+, ал мен әрқашан қастарыңда болмаймын+”.
9 Исаның Бетанияда екенін білген көптеген яһудилер оны ғана емес, ол тірілткен Елазарды+ да көру үшін сонда келді. 10 Жоғарғы діни қызметкерлер Елазарды да өлтіру туралы ақылдасты. 11 Өйткені яһудилердің көбісі сол жерге келіп, онымен не болғанын көріп, Исаға сенген еді+.
12 Мейрамға жиналған жұрт келесі күні Исаның Иерусалимге келе жатқанын естіп, 13 қолдарына пальма бұтақтарын алып, оны қарсы алуға шықты. Олар: “Оны құтқара көр! Ехобаның атынан келе жатқан Исраилдің Патшасы жарылқанған!”+— деп айғайлай бастады. 14 Ал Иса бір тайқарды тауып, үстіне мінді+. Бұл туралы Киелі жазбада былай делінген: 15 “Қорықпа, Сион қызы! Міне, сенің патшаң тайқарға мініп келе жатыр”+. 16 Алғашында шәкірттері бұны түсінбеді. Бірақ Иса ұлылыққа бөленгеннен кейін+, осы сөздердің соған қатысты жазылғанын және халықтың оны осылай қарсы алғанын естеріне түсірді+.
17 Иса Елазарды қабірден шақырып+, қайта тірілтіп алған кезде қасында болған жұрт ол туралы куәлік етіп жүрді+. 18 Сондықтан да осындай керемет жасағанын естіген халық оны қарсы алуға шыққан еді. 19 Ал парызшылдар өзара: “Көрдіңдер ғой, қолымыздан түк келер емес. Бүкіл әлем оның соңынан еріп кетті+!”— десті.
20 Құдайға ғибадат ету үшін мейрамға келгендер арасында гректер де бар еді. 21 Олар Ғалилеядағы Бетсайда қаласынан шыққан Філіпке+ келіп: “Мырза, біз Исаны көргіміз келеді”,— деп тілек білдірді. 22 Філіп мұны Әндірге барып айтты. Содан екеуі келіп, Исаға айтты.
23 Иса оларға былай деді: “Адам Ұлы даңқталатын уақыт келді+. 24 Сендерге нағыз шындықты айтамын, егер бидай дәні жерге түсіп, шірімесе*, жалғыз дән болып қала береді. Ал шірісе+, көп өнім әкеледі. 25 Кім өз жанын* жақсы көрсе, оны құртады. Ал кім осы дүниеде өз жанын жек көрсе+, оны сақтап қалады және мәңгілік өмірге ие болады+. 26 Маған қызмет еткісі келетін әркім соңымнан ерсін, мен қайда болсам, қызметшім де сонда болады+. Кім маған қызмет етсе, Әкем оны құрметтейді. 27 Қазір жаным толқып тұр+. Мен не айтайын? Әке, мені осы қиын сәттен құтқара көр+. Алайда мен осы сәтті бастан өткізу үшін келдім. 28 Әке, есіміңді даңқтай көр”. Сонда көктен: “Мен оны даңқтадым, тағы да даңқтаймын”+,— деген дауыс естілді+.
29 Бұны естігенде, сол жерде тұрған кейбіреулер: “Күн күркіреді”,— десе, өзгелері: “Оған періште тіл қатты”,— деді. 30 Иса мынаны айтты: “Бұл дауыс мен үшін емес, сендер үшін шықты. 31 Қазір осы дүние сотталуда. Енді осы дүниенің билеушісі+ қуылады+. 32 Ал мен жерден жоғары көтеріліп қойылғанымда+, өзіме әртүрлі адамдарды жақындатып тартамын”. 33 Ол мұны өзінің қалай өлетінін білдіру үшін айтқан еді+. 34 Жиналған жұрт: “Біз Мұса Заңынан Мәсіхтің мәңгі болатыны жайлы білеміз+. Онда қалайша Адам Ұлы жерден көтеріліп қойылуы керек дейсің+? Сен айтып тұрған Адам Ұлы кім?”— деп сұрады. 35 Иса: “Жарық араларыңда тағы шамалы уақыт болады. Өздеріңді түнек баспау үшін, жарық барда жүріңдер. Түнекте жүрген адам қайда бара жатқанын білмейді+. 36 Жарықтың ұлдары болу үшін, жарық барда оған сеніңдер+”,— деді.
Осыларды айтқан соң, Иса сол жерден кетіп, олардан жасырынып қалды. 37 Көз алдарында көптеген кереметтер жасаса да, олар Исаға сенген жоқ. 38 Осылайша Ишая пайғамбардың келесі сөздері орындалды: “Ехоба, бізден естігендеріне кім сенді+? Ехобаның құдіреті* кімге паш етілді?”+ 39 Олардың не себептен сене алмағанын көрсетіп, Ишая тағы былай деген: 40 “Ол олардың көздерін соқыр, жүректерін сезімсіз етті. Сондықтан көздерімен көрмейді, жүректерімен мәнін ұқпайды, сауықтыруым үшін теріс жолдан қайтпайды”+. 41 Ишая Мәсіхтің ұлылығын көргендіктен, ол туралы осыларды айтқан еді+. 42 Сөйтсе де тіпті көптеген басшылар да Исаға сенді+, бірақ парызшылдар мәжілісханадан шығарып жібермесін деп, оны ашық мойындамады+. 43 Өйткені олар Құдайдың ықыласынан гөрі адамдардың ықыласына ие болуды артық көрді+.
44 Иса дауыстап, былай деді: “Маған сенген адам маған ғана емес, мені жібергенге де сенеді+. 45 Мені көрген адам мені жібергенді де көреді+. 46 Өзіме сенген әркім түнекте қалмасын деп+, мен осы дүниеге жарық болып келдім+. 47 Мен сөздерімді естіп, бірақ ұстанбайтын адамды соттамаймын. Себебі дүниені соттауға емес, оны құтқаруға келдім+. 48 Мені елемейтін және айтқандарымды қабылдамайтын адамның соттаушысы бар. Менің айтқан сөзім оны ақырғы күні соттайды. 49 Өйткені мен өздігімнен айтқан жоқпын, не айтып, не үйрету керектігін мені жіберген Әкемнің өзі өсиет еткен+. 50 Ал мен оның өсиеті мәңгілік өмірге жеткізетінін білемін+. Сондықтан Әкем маған қалай айтса, тап солай айтамын+”.