Тімөтеге 1-хат
2 Ең алдымен, сендерді барлық адамдар үшін жалбарынуға, дұға етуге, өтінуге, алғыс айтуға шақырамын. 2 Сондай-ақ бұдан былай да Құдайға барынша шын беріліп, салиқалы болып, тыныш та бейбіт өмір сүруіміз үшін+ патшалар мен жоғары дәрежелі адамдар үшін де дұға етіңдер+. 3 Бұл Құтқарушымыз Құдайдың+ көз алдында игілікті әрі ұнамды. 4 Ол әртүрлі адамдардың құтқарылғанын+ және шындық жайлы тура білім алғанын қалайды. 5 Өйткені Құдай біреу+, Құдай мен адамдар арасындағы келістіруші де біреу+. Ол — Мәсіх Иса+. 6 Осы кісі бүкіл адамзат үшін өз өмірін төлем* ретінде берді+. Бұл туралы өз уақытында куәлік етілетін болады. 7 Өтірік емес, шын айтамын, мен осы жөнінде куәлік ету үшін+ уағыздаушы әрі елші+, яғни басқа ұлттарға сенім мен шындық жайлы тәлім беруші болып тағайындалдым+.
8 Сондықтан бас қосқан жерлердің бәрінде ер кісілердің ашу-ыза+ мен дау-дамайға берілмей+, Құдайға деген адалдықпен қолдарын көтеріп, дұға еткенін қалаймын+. 9 Ал әйелдер әрленіп-сәнденгенде, шаштарын ерекшелеп өруге, алтын-меруертке не өте қымбат киімге үйір болмай, қарапайым да есті болып, жарасымды киінсін+. 10 Оларды игі істері көркейтсін. Бұл Құдайға шын берілгенмін дейтін әйелдерге лайық+.
11 Әйел баласы толықтай бағынып, үнсіз* тәлім алсын+. 12 Оның тәлім беруіне, ер адамға билік етуіне жол бермеймін, ол үнсіз отырсын+. 13 Себебі алдымен Адам ата, содан кейін Хауа ана жаратылған+. 14 Сондай-ақ алданған Адам ата емес, қайта, Хауа ана қатты алданып+, күнәға батты. 15 Бірақ әйел естілігімен қатар+, сенімі, сүйіспеншілігі мен қасиеттілігінен қол үзбесе, бала тапқаны оны аман сақтайды+.