Петірдің 1-хаты
2 Сондықтан бар жамандық атаулыдан, бар жалғандық пен екіжүзділіктен және күншілдіктен, сондай-ақ өзгені қаралаудың қай түрінен де аулақ болыңдар+. 2 Жаңа туған нәресте іспетті+, Құдай сөзінің таза сүтіне құштар болыңдар. Сонда одан нәр алғандарыңның арқасында өсіп, құтқарыла аласыңдар+. 3 Себебі Иеміздің ізгі екендігінің дәмін татып көрдіңдер.
4 Сендер Иемізге — адамдар бас тартқан+, бірақ Құдай таңдаған әрі өзі үшін бағалы санаған тірі тасқа+ — келгенде, 5 киелі діни қызметкер болып, Иса Мәсіх арқылы Құдайға ұнамды рухани құрбандықтар+ ұсынуларың+ үшін сендерден де, тірі тастардан, рухани үй соғылады+. 6 Өйткені Жазбада мынадай сөз бар: “Міне, мен Сионға таңдаулы тасты, іргетас етіп бағалы бұрыштық тасты, қойып жатырмын. Оған сенім артқан әркімнің үміті ақталады+”.
7 Сондықтан сендер үшін ол бағалы, өйткені сендер сенесіңдер. Бірақ сенбейтіндер үшін “құрылысшылар бас тартқан+ осы тас негізгі бұрыштық тасқа* айналды”+ 8 және ол — “сүріндіретін тас, құлататын жартас”+. Олар сөзге мойынсұнбағандықтан сүрінеді. Мұндай адамдардың ақыры осындай болары алдын ала белгілі еді. 9 Ал сендер өздеріңді түнектен өзінің тамаша жарығына шақырғанның+ “керемет қасиеттерін барлық жерде жариялау үшін+ таңдалған нәсіл, патша әрі діни қызметкерлер, қасиетті халық+ және Құдайдың ерекше меншігісіңдер+”. 10 Кезінде Құдайдың халқы емес едіңдер, ал енді оның халқысыңдар+. Сендерге мейірімділік көрсетілмеген еді, ал енді көрсетіліп отыр+.
11 Жатжерлік әрі уақытша тұрғындар ретінде өмір сүріп жүрген+ қымбатты бауырластар, сендерді жандарыңмен айқасып жатқан+ тән қалауының жетегінде болмауға шақырамын+. 12 Осы дүниедегі адамдар арасында жүріс-тұрыстарың бұдан былай да үлгілі болсын+. Сонда сендерді жамандық жасаушылар деп жазғыратын олар игі істеріңді өз көздерімен көріп+, Құдай тексеретін күні оны мадақтайтын болады.
13 Адам баласы орнатқан билік атаулының бәріне Иеміз үшін мойынсұныңдар+: жоғары билік иесі болғандықтан патшаға+ да, 14 жамандық істейтіндерді жазалап, ал жақсылық жасайтындарды мақтауға жіберілген оның әкімдеріне де бағыныңдар+! 15 Өйткені Құдай сендердің игі істерің арқылы ақылсыз адамдардың надандықпен айтқан сөздеріне тосқауыл қойғандарыңды қалайды+. 16 Сендер еркін адамсыңдар+, бірақ еркіндіктеріңді жаман істеріңді жасыру* үшін емес+, Құдайдың құлдары ретінде пайдаланыңдар+. 17 Әркімге тиісті құрмет көрсетіңдер+, барлық бауырластарды* сүйіңдер+, Құдайдан қорқыңдар+, патшаны құрметтеңдер+.
18 Қызметшілер қожайындарын барынша құрметтеп, оларға бағынсын+! Тек мейірімді де парасаттыларына ғана емес, көңілінен шығу қиындарына да солай етсін. 19 Егер әлдекім Құдай алдында таза ар-ұжданға ие болғысы келгендіктен қиындық көріп, әділетсіз жапа шегіп жатса, бұл Құдайға ұнамды+. 20 Өйткені күнә жасағандарың үшін соққы жеп, соған төзіп жүрсеңдер, мұның несі мақтауға тұрарлық+? Ал жақсылық жасағандарың үшін азап шегіп, соған төзіп жүрсеңдер, бұл Құдайға ұнамды+.
21 Сендер осыған шақырылдыңдар, өйткені Мәсіх сендерге бола азап шегіп+, оның ізімен тура жүрулерің үшін үлгі қалдырды+. 22 Ол ешбір күнә жасаған емес+, аузынан жалған сөз де шыққан емес+. 23 Ол жұрт өзіне тіл тигізгенде+, оларды ғайбаттамады+; азап шеккенде+, жәбірлеушілерін қорқытпады, қайта, өзін әділ Соттаушыға сеніп тапсырды+. 24 Күнәдан арылып, әділ өмір сүре алуымыз үшін, ол біздің күнәларымызды өз тәнімен бөренеге+ көтерді+. “Сендер оның жарақаттары арқылы сауықтыңдар”+. 25 Өйткені сендер адасқан қой секілді едіңдер+, ал енді жандарыңның бағушысы+ әрі қорғаушысына қайта оралдыңдар.