Марқа
3 Тағы бірде ол мәжілісханаға кіргенде, сол жерде қолы семіп қалған* бір кісі бар еді+. 2 Парызшылдар Исаны айыптауға сылтау іздеп, Демалыс күні әлгі адамды сауықтырар ма екен деп, оны мұқият бақылаумен болды. 3 Ол қолы семген адамға: “Түрегеліп, ортаға кел”,— деді. 4 Сосын оларға мынадай сұрақ қойды: “Демалыс күні не істеген дұрыс: жақсылық па, жамандық па; жанды* құтқару ма, өлтіру ме?”+ Бірақ олар үндемеді. 5 Жүректерінің шеменденіп кеткеніне+ қатты қайғырған Иса айналасындағыларға ашулана қарады да, әлгі адамға: “Қолыңды соз!”— деді. Ол созғанда, қолы сап-сау қалпына келді. 6 Сонда парызшылдар сыртқа шығып, Исаның көзін құрту үшін бірден Иродтың жақтастарымен*+ кеңесуге кірісті.
7 Бірақ Иса шәкірттерімен теңіз жаққа кетіп қалды. Оның соңынан Ғалилея мен Яһудеядан келген қалың жұрт ілесті+. 8 Оның көптеген істері жайлы естіген жамағат тіпті Иерусалим мен Идумеядан, Иорданның арғы бетінен, Тир мен Сидон аймағынан оған қарай ағылды. 9 Иін тірескен жұрттың арасында қысылып қалмас үшін, ол шәкірттеріне бір кішкене қайықты дайын ұстауды тапсырды. 10 Көп адамды сауықтырғандықтан, ауыр кеселге душар болғандардың бәрі оған қолын тигізбек болып ентелеп жатты+. 11 Тіпті жындар+ оны көргенде, алдына жығылып: “Сен Құдай Ұлысың!”— деп айғайлап жатты+. 12 Бірақ Иса оларға өзінің кім екенін айтуға қайта-қайта қатаң тыйым салды+.
13 Бұдан кейін ол тауға көтеріліп, өзі қалаған адамдарды шақырып+, қасына жинады+. 14 Сөйтіп, араларынан он екісін таңдап, “елшілер” деп атады. Иса оларды үнемі өзімен бірге болу үшін, уағыздауға жіберу үшін 15 және жындарды қуып шығаратын билік беру+ үшін таңдап алды.
16 Иса таңдаған 12 елші мыналар+: ол Петір деп те атаған Шимон+, 17 Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жохан (Иса оларды Боанергес деп те атаған. Бұл “күн күркірінің ұлдары” дегенді білдіреді+). 18 Сонымен қатар Әндір, Філіп, Барталамай, Матай, Тома, Әлпей ұлы Жақып, Тадей және Кананей* Шимон, 19 сондай-ақ кейіннен оған опасыздық жасаған Яһуда Исқариот.
Сосын Иса үйге кірді. 20 Тағы да көп жұрт жиналғандықтан, олардың тіпті тамақтануға мұршалары болмады. 21 Исаның істері туралы естігенде, туыстары: “Ол ақылынан адасыпты”,— деп, оны ұстап әкетпек болды+. 22 Ал Иерусалимнен келген дін мұғалімдері: “Оның бойын Белзебүл* билеп алған. Ол жындарды жындардың әміршісінің күшімен қуып шығарады”,— десті+. 23 Сонда Иса оларды шақырып алып, мынадай мысалдар келтірді: “Қалай Шайтан Шайтанды қуып шығара алады? 24 Жікке бөлінген патшалық күйрейді+, 25 жікке бөлінген отбасы да ойран болады. 26 Сол сияқты, Шайтан өз-өзіне қарсы шығып, жікке бөлінсе, онда берік тұра алмай, құриды. 27 Күштінің үйін тонауға келген ешкім де оның өзін байлап тастамайынша, мүлкін тонай алмайды. Байлап тастағаннан кейін ғана, оның үйін тонай алады. 28 Сендерге шындықты айтамын, адам қандай күнә жасамасын, қандай қорлайтын сөз айтпасын — барлығы кешіріледі. 29 Алайда кімде-кім киелі рухқа қарсы қорлайтын сөздер айтса, оған ешқашан кешірім болмайды+, оның күнәсі мәңгі мойнында қалады+”. 30 Иса мұны әлгілердің “оның бойын жын билеп алған” дегендері үшін айтты+.
31 Исаның анасы мен бауырлары+ келіп, сыртта тұрып, оны шақыртты+. 32 Осы кезде оның айналасында көп адам отырған еді. Солардың бірі оған: “Сыртта анаңыз бен бауырларыңыз тұр, сізді сұрап жатыр”,— деді+. 33 Сонда ол: “Менің анам мен бауырларым кім?”— деді де, 34 айналасында отырғандарды көзімен шолып шығып: “Міне, менің анам және бауырларым+! 35 Кім Құдай еркін орындаса, сол — менің бауырым, әпке-қарындасым және анам+”,— деді.