Абақұқ
2 Мен күзет орнымда дайын тұрамын+,
Қорғанның үстіне шығамын,
Оның мен арқылы не айтатынын көру үшін,
Мені түзеткенде, қалай жауап беретінімді білу үшін сергек боламын.
2 Ехоба маған былай деп жауап қатты:
3 Себебі бұл аянның орындалатын* уақыты бар,
Сол уақыт жылдам жақындап келеді,
Ол өтірік болып шықпайды.
Тіпті кідіргендей көрінсе де, оны күт*+!
Ол міндетті түрде орындалады.
Еш кешікпейді!
4 Кеудесін керген адамға қарашы,
Оның жан дүниесі бұзылған.
Ал әділ адам адалдығының* арқасында өмір сүреді+.
5 Расында да, шарап опасыз болғандықтан,
Тәкаппар адам мақсатына жетпейді.
Оның араны көр* сияқты кеңінен ашық.
Ол өлім сияқты тойымсыз.
Өзіне барлық ұлттарды жинауда,
Күллі халықтарды қолға түсіруде+.
Олар былай дейтін болады:
“Өзіне тиесілі емес дүниені қашанғы жинай бермек?
Ол қасіретке қалады, себебі өзінің қарызын көбейтуде!
7 Қарыз берушілерің кенеттен саған қарсы көтерілмей ме?
Олар оянып, аяусыз жұлқылап,
Сені талан-таражға салады+.
10 Өз үйіңді масқара ететін іс ойластырдың.
Көптеген халықтарды қырып, өз жаныңа қарсы күнә жасадың+.
11 Қабырғадағы тас айқай салады,
Төбедегі белағаш оған жауап қатады.
12 Қантөгіспен қала тұрғызған,
Әділетсіздікпен қала соққан адам қасіретке қалады!
13 Халықтардың отқа жағу үшін ауыр еңбектенетіні,
Ұлттардың өз-өздерін босқа шаршататыны
Әскербасы Ехобадан емес пе+?
15 Мас қылып, жалаңаш тәнін көру үшін,
Ішімдікке ашу мен қаһар қосып,
Жолдастарына беретін адам қасіретке қалады!
16 Сен атақ-даңққа емес, масқаралыққа батасың.
Сен де ішіп, сүндеттелмеген* күйіңді көрсет.
Ехобаның оң қолындағы шарапқа толы тостаған саған да жетіп+,
Атақ-даңқың масқаралықтың астында қалады.
17 Ливанға жасаған зорлығың өз басыңа келеді,
Қырып-жойып, аңдарды шошытқаның өз басыңа түседі.
Өйткені адам қанын төктің, жерге қиянат жасадың,
Қалаларды тұрғындарымен қоса ойрандадың+.
18 Тәңір бейнесінен не пайда,
Оны ойып жасаған жай пенде емес пе?
Темір мүсіннен, жалған тәлімгерден не пайда?
Адамның сөйлей алмайтын пайдасыз пұт жасап,
Оған сенім артқанынан не пайда+?
19 Ағашқа: “Оян!”— дейтін,
Мылқау тасқа: “Оян! Бізге тәлім бер!”— дейтін адам қасіретке қалады.
Алтын-күміспен қапталғанмен+, оның бойында демі жоқ+.
20 Ал Ехоба өзінің киелі ғибадатханасында+.
Бүкіл жер беті, оның алдында үн шығарма+!”