Філіпіліктерге
4 Сонымен, бауырластарым, сендерді жақсы көремін, сағынып та жүрмін. Менің қуанышым әрі тәжім сендерсіңдер+. Қымбаттыларым, жаңа ғана айтып кеткенімдей, Иемізбен байланыстарыңда берік тұрыңдар+!
2 Еуодияны да, Синтихені де Иеміздің жолында жүргендер ретінде бір ойда болуға шақырамын+. 3 Иә, өзімнің адал серіктесім ретінде сенен де өтінемін, сол әйелдерге көмектесші. Олар Клемент және есімдері өмір кітабына жазылған+ басқа да қызметтестеріммен қосыла, менімен бірге ізгі хабар үшін иық тіресе күресті.
4 Әрдайым Иемізге қуаныңдар! Тағы да айтамын, қуаныңдар+! 5 Сендердің есті* екендеріңді+ жұрттың бәрі көретін болсын. Иеміз жақын. 6 Еш нәрсені уайымдамаңдар+, барлық өтініштеріңді дұға етіп, жалбарынып, ризашылықпен Құдайға білдіріңдер+. 7 Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығы+ жүректерің+ мен ой-саналарыңды Мәсіх Иса арқылы сақтайды.
8 Сонымен, бауырластарым, күллі шынайы да көңіл қоюға лайық, әділ де таза, сүйіспеншілік оятатын, жылы лебіз айтылатын, игі әрі мақтауға тұратын нәрселер жөнінде үнемі ойланыңдар+. 9 Менен нені үйреніп, нені қабылдасаңдар, нені естіп, нені көрсеңдер — соны іске асыра беріңдер+. Сонда тыныштықтың Құдайы сендерге жар болады.
10 Тағы да менің қамымды ойлай бастағандарыңа Иеміздің қызметшісі ретінде қатты қуанамын+. Сендер бұрын да менің қамымды ойлағансыңдар, бірақ мұны көрсетуге мүмкіндіктерің болмады. 11 Бұны мұқтаждық көргендіктен айтып тұрған жоқпын, мен қандай жағдайда болмайын қолда барға қанағат етуді үйрендім+. 12 Мен жоқшылықта да+, молшылықта да өмір сүрудің не екенін білемін. Барлық жағынан әрі барлық жағдайда тоқ жүрудің не аш жүрудің, молшылықта не мұқтаждық көріп өмір сүрудің құпиясын біліп алдым. 13 Себебі маған күш-қуат берушінің арқасында бәрін де істей аламын+.
14 Сөйтсе де қиын шақта маған көмектесіп, жақсы істедіңдер. 15 Філіпіліктер, мынаны да білесіңдер: сендер ізгі хабарды алғаш естігеннен кейін, мен Македония өлкесінен кеткенімде, өздеріңнен басқа ешбір қауым маған көмектеспеді, көмегімді де қабылдамады+. 16 Салоникада болған кезімде де сендер маған екі рет қажетімді жібердіңдер. 17 Жоқ, сендерден сый-тарту дәметіп отырған жоқпын, қайта, игі істерің көбейіп, молынан пайда көргендеріңді қалаймын. 18 Менде керегімнің бәрі бар, тіпті жетіп артылады. Енді ештеңеге мұқтаж емеспін, өйткені Епафродит+ арқылы жібергендеріңді алдым. Олар хош иісті+, Құдайға ұнамды әрі жағымды құрбандық іспетті. 19 Ал зор байлықтың иесі — менің Құдайым болса Мәсіх Иса арқылы сендердің қажеттеріңнің бәрін толықтай қамтамасыз етеді+. 20 Құдай Әкеміз мәңгі бақи даңқтала берсін! Аумин.
21 Мәсіх Исамен байланыстағы қасиеттілердің бәріне менен сәлем айтыңдар. Қасымдағы бауырластар да сендерге сәлем жолдауда. 22 Барлық қасиеттілер, әсіресе патша* сарайындағылар+, сәлем айтып жатыр.
23 Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы жақсы рух танытып жүрген сендермен бола берсін!