Римдіктерге
8 Сондықтан Мәсіх Исамен бірлікте тұрғандар айыпталмайды. 2 Себебі Мәсіх Исамен бірліктегілерге өмір беретін рух заңы сені күнә мен өлімнің заңынан босатты+. 3 Адам тәнінің әлсіздігінің салдарынан+ заң істей алмағанды+ Құдай істеді. Ол күнәні құрту үшін өз Ұлын күнәкар адамдардікіндей тәнмен+ жерге жіберіп+, тәндегі күнәні айыптады. 4 Бұл біздің тән қалауы бойынша емес, рух қалауы бойынша өмір сүріп+, Заңның әділ талаптарын орындай алуымыз үшін істелді+. 5 Тән қалауы бойынша өмір сүретіндер тән жөнінде+, ал рух қалауы бойынша өмір сүретіндер рух жөнінде ойлайды+. 6 Тән жөнінде ойлау өлімге ұшыратады+, ал рух жөнінде ойлау өмір мен татулыққа жеткізеді+. 7 Тән жөнінде ойлау Құдайдың жауы етеді+, себебі тән Құдай заңына бағынбайды, бағына да алмайды. 8 Демек, тән қалауы бойынша өмір сүретіндер Құдайға ұнамды бола алмайды.
9 Алайда бойларыңда шынымен Құдайдың рухы бар болса, онда сендер тәннің емес, рухтың қалауы бойынша өмір сүрудесіңдер+. Ал кімде Мәсіхтің рухы болмаса, ол Мәсіхтікі емес. 10 Мәсіх сендермен бірлікте болса+, денелерің күнәнің кесірінен өлі болғанымен, өздерің әділ деп жарияланғандықтан, рух сендерге өмір береді. 11 Егер сендерде Исаны қайта тірілткен Құдайдың рухы бар болса, Мәсіх Исаны өлімнен тірілткен+ Құдай бойларыңдағы осы рухы арқылы сендердің де ажалды денелеріңе жан бітіреді+.
12 Сондықтан, бауырластар, тәннің жетегінде жүріп+, оның қалауы бойынша өмір сүруге міндетті емеспіз. 13 Өйткені тәннің қалауы бойынша өмір сүрсеңдер, міндетті түрде өлесіңдер. Ал рухтың көмегімен тәннің істерін өлтірсеңдер+, өмір сүресіңдер+. 14 Құдай рухының жетелеуімен жүретіндердің бәрі — Құдайдың балалары+. 15 Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқыныш тудыратын рухты емес, қайта, Құдайдың балалары ететін рухты қабылдадыңдар. Ол бізді: “Абба*, Әке!”— деп шақыруға талпындырады+. 16 Осы рух Құдайдың балалары+ екенімізді біздің рухымызбен+ бірге растайды. 17 Ал егер Құдайдың балалары болсақ, онда оның мұрагеріміз, ал Мәсіхпен мұраласпыз+. Мәсіхпен бірге азап шексек+, онымен бірге ұлылыққа да бөленеміз+.
18 Болашақта біз арқылы паш етілетін ұлылықпен салыстырғанда қазіргі азаптарымыз түк те емес деп ойлаймын+. 19 Бүкіл жаратылыс Құдай балаларының ұлылығының паш етілуін асыға күтуде+. 20 Өйткені жаратылыс бос әурешілікке+ өзінің емес, Құдайдың еркімен бағынды. Сөйтсе де оларға үміт берілді. 21 Сондықтан жаратылыстың да күнә мен өлімнің құлдығынан босап+, Құдай балаларының салтанатты бостандығына жетуге үміті бар. 22 Өйткені күні бүгінге дейін бүкіл жаратылыстың ыңырсып, қатты қиналып жатқанын білеміз. 23 Сондай-ақ алғашқы өнімге, яғни рухқа, ие болған біз де Құдайдың балалары болуды+ — төлем арқылы денемізден босатылуды — асыға күтіп, іштей ыңырсудамыз+. 24 Біз осы үміт арқылы құтқарылдық. Ал орындалған үмітті ешкім үміт демейді. Себебі ол орындалғанда, үміт болудан қалады емес пе? 25 Бірақ әлі орындалмаған нәрсеге+ үміттенсек+, оны төзімділікпен талмай күтеміз+.
26 Бұған қоса, әлсіз кездерімізде бізді киелі рух та қолдайды+: дұға ету керек болып, бірақ сөз таппай қиналғанда, сөзбен жеткізе алмайтын күрсіністерімізді біз үшін киелі рух жеткізеді. 27 Ал жүректегіні көретін Құдай+ рухтың не жайлы айтып тұрғанын біледі, өйткені рух қасиеттілер үшін Құдайдың еркіне сай өтініш етеді.
28 Құдай барлық істерін өзін сүйетіндердің, өз ниеті бойынша+ шақырылғандардың, игілігі үшін істейтінін біз білеміз. 29 Өйткені ол алғашқыда кімдерді ойында тұтқан болса, соларды Ұлына ұқсасын деп+ алдын ала белгіледі. Осылайша Ұлы көп бауырларының+ арасындағы тұңғышы+ болу керек еді. 30 Құдай кімді алдын ала белгілесе+, соларды шақырды+, ал шақырылғандарды әділ деп жариялады+, әділ деп жариялағандарды болса ұлылыққа бөледі+.
31 Бұл жайында не дейміз? Құдай бізге жақ болса, кім бізге қарсы шыға алады+? 32 Ол өз Ұлын аямай, біз үшін өлімге қиды+. Олай болса, Құдай мен оның Ұлы бізге басқа нәрселердің бәрін қалайша сыйламайды?! 33 Құдай таңдап алғандарды кім айыптай алады+? Оларды әділ деп жариялайтын Құдайдың өзі ғой+. 34 Кім оларға үкім шығара алады? Ешкім де, өйткені өліп, қайта тірілген әрі Құдайдың оң жағынан орын алған+ Мәсіх Иса бізді жақтап сөйлейді+.
35 Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады+? Қиыншылық па, азап па, қуғын-сүргін бе, аштық не жалаңаштық па, қауіп-қатер не семсер ме+? 36 Киелі жазбада айтылғандай, “сен үшін біз күн сайын өліммен бетпе-бет келеміз, біз сойылатын қой есебіндеміз”+. 37 Бірақ бізді сүйгеннің арқасында барлық жағдайда да жеңіске жетудеміз+. 38 Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, үкімет те, қазіргі не болашақтағы нәрселер де, ешбір күш те+, 39 биіктік те, тереңдік те, ешқандай жаратылыс та бізді Құдайдың Иеміз Мәсіх Иса арқылы танытып отырған сүйіспеншілігінен айыра алмайды!