“Өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптерінің сілтемелері
4—10 мамыр
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 36, 37
“Жүсіп қызғаныштың құрбаны болды”
(Мұсаның 1-жазбасы 37:3, 4) Исраил басқа ұлдарынан гөрі Жүсіпті жақсы көретін, өйткені ол қартайған шағында сүйген перзенті еді. Ол Жүсіпке ерекше киім тіктіріп берді. 4 Әкелері Жүсіпті өздеріне қарағанда көбірек жақсы көретінін байқағанда, бауырлары оны жек көріп, онымен жылы сөйлесе алмады.
“Бір түс көрдім, тыңдаңыздаршы”
Киелі кітапта бұл жайлы былай делінген: “Әкелерінің оны өздерінен артық көретінін сезген ағалары Жүсіпті жаратпай, енді онымен жылы сөйлесе алмады” (Жаратылыс 37:4). Жүсіптің бауырларының сезімін түсінуге болатын шығар, алайда олардың удай қызғанышқа бой алдырғандары жөн емес еді (Нақыл сөздер 14:30; 27:4). Адамдар сізді емес, басқаны мақтап, қошамет көрсеткенде, қызғанасыз ба? Мұндайда Жүсіптің ағаларын еске алайық. Іштарлық оларды қатты опық жегізген іске итермеледі. Олардың әрекеті мәсіхшілерге ескерту болып табылады әрі “қуанғандардың қуанышына ортақ болудың” әлдеқайда жақсы екенін дәлелдейді (Римдіктерге 12:15).
Жүсіп ағаларының өзіне қырын қабақ танытып жүргенін сезсе керек. Ол ағаларын көргенде, сәнді киімін шешіп, тығып қоятын ба еді? Бәлкім, солай еткісі келген шығар. Алайда Жақып бұл киімді ықыласы мен сүйіспеншілігінің белгісі етіп берген еді ғой. Сондықтан Жүсіп әкесінің сенімін ақтап, шапанды тастамай киіп жүрді. Бұл біз үшін де керемет үлгі. Көктегі Әкеміз ешкімді алаламаса да, кейде жеке қызметшілеріне ерекше ықылас білдіреді. Сондай-ақ барлық қызметшісінен бұзылған әрі азғын дүниеден бөлектенгенін талап етеді. Сондықтан шынайы мәсіхшілердің жүріс-тұрысы Жүсіптің ерекше киімі сияқты айналадағы адамдардікінен өзгеше. Бұл кейбіреулердің қызғанышын, тіпті ашуын тудыруы мүмкін (Петірдің 1-хаты 4:4). Сондай кезде мәсіхші Құдайдың қызметшісі екенін жасыруы керек пе? Әрине, жоқ. Жүсіп шапанын жасырмағандай, біз де кім екенімізді жасырмаймыз (Лұқа 11:33).
(Мұсаның 1-жазбасы 37:5—9) Бірде Жүсіп түс көріп, бауырларына айтып бергенде, олар оны одан бетер жек көріп кетті. 6 Жүсіп оларға былай деген еді: “Мен бір түс көрдім, тыңдаңыздаршы. 7 Егіндікте бәріміз бау байлап жүр екенбіз. Бір кезде менің байлаған бауым тік тұра қалды. Ал сіздердің бауларыңыз менікін қоршап алып, оған иіліп тағзым етті”. 8 Сонда ағалары: “Сен не, бізге патша болып, үстемдік етпексің бе?”— деп, оны көрген түсі мен айтқан сөзі үшін бұрынғыдан бетер жек көріп кетті. 9 Бұдан кейін Жүсіп тағы бір түс көріп, оны да бауырларына айтып берді. “Мен тағы бір түс көрдім. Бұл жолы күн мен ай және он бір жұлдыз маған иіліп тағзым етіп жатыр екен”,— деді ол.
(Мұсаның 1-жазбасы 37:11) Жүсіптің айтқандарын естігенде, ағаларының бойын қызғаныш биледі. Ал әкесі оның сөздерін көңіліне түйіп алды.
“Бір түс көрдім, тыңдаңыздаршы”
Бұл түстер Ехоба Құдайдан келген еді. Олардың пайғамбарлық мәні болған. Сондықтан Құдай түс арқылы берілген хабарды Жүсіптің басқаларға айтқанын қалады. Демек, Жүсіп пайғамбарлар сияқты әрекет ету керек еді. Олар да Құдайдың хабарын және оның қыңыр халқына шығарған үкімін жариялаған болатын.
Жүсіп ілтипатпен: “Менің көрген түсімді тыңдаңыздаршы”,— деп, бауырларына көрген түсін айтып берді. Бірақ олар оның мәнін бірден ұғып, Жүсіпке: “Сен немене, бізге патшалық құрғың келе ме? Бізге билік жүргізбексің бе?” — деп, оны мүлдем жақтырмай қалды. Екінші түсін әкесі мен бауырларына айтып бергенде де солай болды. Әкесі оған: “Сенің көргенің қандай түс? Біз, ата-анаң, туған бауырларың алдыңа келіп, тағзым етпекпіз бе?”— деп зекіп тастады. Алайда Жақып баласының айтқанын көңіліне түйіп алды. Бұл баламен Ехобаның сөйлесуі мүмкін еді ғой (Жаратылыс 37:6, 8, 10, 11).
Жүсіп жұртқа жақпайтын Құдайдың хабарын айтқаны үшін қудаланған пайғамбарлардың алғашқысы да, соңғысы да емес еді. Мұндай хабарды жеткізушілердің ішіндегі ең ұлысы — Иса пайғамбар. Ол ізбасарларына: “Мені қудаласа, сендерді де қудалайды”,— деген болатын (Жохан 15:20). Жас Жүсіптің сенімі мен батылдығы кез келген жастағы мәсіхшіге үлгі болып табылады.
(Мұсаның 1-жазбасы 37:23, 24) Жүсіп қастарына келгені сол еді, ағалары оның үстіндегі ерекше киімін шешіп алып, 24 өзін құдыққа тастады. Бұл кезде оның іші бос, суы жоқ болатын.
(Мұсаның 1-жазбасы 37:28) Содан мадияндық саудагерлер қастарынан өтіп бара жатқанда, олар Жүсіпті құдықтан шығарып, ысмағұлдықтарға 20 күміс ақшаға сатып жіберді. Ал саудагерлер Жүсіпті Мысырға алып кетті.
Асыл тастарды іздеп табайық
(Мұсаның 1-жазбасы 36:1) Есау, яғни Едом, жөнінде:
it-1 678-б.
Eдом
(“қызыл”)
Бұл — Жақыптың сыңары Есауға берілген екінші ат не лақап ат (М1ж 36:1). Ол тұңғыштық жолын қызыл көже үшін сатып жібергендіктен осындай атқа ие болды (М1ж 25:30—34). Бір қызығы, Есау үсті-басы қып-қызыл болып туылған еді (М1ж 25:25). Кейінірек оның өзі және ұрпақтары мекендеген жердің кейбір бөлігі де қызыл түсті келген.
(Мұсаның 1-жазбасы 37:29—32) Біраз уақыттан соң Рубен әлгі құдыққа барып қараса, ішінде Жүсіп жоқ екен. Сонда ол киімінің өңірін айыра жыртып, 30 бауырларының қасына қайта келіп: “Бала жоқ, енді қайттім?!”— деп налыды. 31 Кейін олар бір текені сойып, қанына Жүсіптің киімін малып алды. 32 Сөйтіп, оның ерекше киімін әкелеріне беріп жіберіп: “Мынаны тауып алдық. Бұл ұлыңыздың киімі емес пе екен, көріңізші”,— деп сұратты.
it-1 561, 562-б.
Қорғаншы, қамқоршы
Малшы отарды бағып, күзетемін десе, бұл оның сол малға қорғаншы болу міндетін өз мойнына алатынын білдірген. Осылайша ол малдың жем-шөбін беріп, ешкімге ұрлатпайтынына кепілдік берген, мұны орындамаған жағдайда отар иесіне өтемақы төлейтін. Бірақ қорғаншы жауапқа тартылмайтын жағдайлар да болған. Мысалы, жыртқыш аңдардың шабуылы сияқты адам қадағалай алмайтын жағдайда жоғарыдағы заң қорғаншыны жауапкершіліктен босататын. Алайда бұл үшін ол отар иесіне айғақ болатын бір нәрсені, мысалы аңға таланған малдың өлексесін, әкелу керек болған. Ал отар иесі айғақты қарастырған соң, қорғаншыны кінәсіз деп табуы керек-тін.
Бұл қағида біреуге сеніп тапсырылған кез келген мүлікке, тіпті туыстық қатынасқа да қатысты болған. Мәселен, ағасы өзінен кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, қорғаншысы саналған. Ендеше, Мұсаның 1-жазбасы 37:18—30 жазылғандай, бауырлары Жүсіпті өлтірмек болғанда, үйдің тұңғышы Рубен не себепті оның өмірі үшін уайымдағаны түсінікті. Ол: “Оны өлтірмей-ақ қояйық... Қан төгіп қайтесіңдер?!.. оған қол салмаңдар”,— деді. “Осылай ол Жүсіпті бауырларынан арашалап қалып, әкесіне қайтармақ еді”. Кейін ол Жүсіптің жоқ екенін көргенде, уайымдап кеткені сонша — “киімінің өңірін айыра жыртып: “Бала жоқ, енді қайттім?!”— деп налыды”. Жүсіптің жоғалып кеткені үшін жауапқа тартылатынын ол білген. Бұдан қашу үшін бауырлары қулық жасап, Жүсіпті жыртқыш аң талап кетті дегенге сендіру үшін әкелеріне жалған айғақ көрсетті. Олар Жүсіптің ерекше киімін текенің қанына малып әкелді. Бұл айғақты көрген соң, әкелері әрі әулетбасы ретінде төреші болған Жақып баласы аңға таланып өлді деп ойлап, Рубенді айыпсыз деп тапты (М1ж 37:31—33).
Киелі кітапты оқу
(Мұсаның 1-жазбасы 36:1—19) Есау, яғни Едом, жөнінде: 2 Есау өзіне Қанахан қыздарынан әйелдер алды: хеттік Елонның қызы Аданы және хевтік Зибеонның немересі, Анахтың қызы Охолибаманы. 3 Сондай-ақ ол Ысмағұлдың қызы, Набайоттың қарындасы Басематты алды. 4 Ада Есауға Елифазды, ал Басемат Рәгуелді, 5 Охолибама болса Еуш, Яғлом және Қорахты туып берді. Бұлар Есаудың Қанахан жерінде туылған ұлдары. 6 Кейін Есау әйелдерін, ұл-қыздарын, үй ішіндегі барлық жанды, отар-табындарын, Қанахан жерінде жиған-терген барлық байлығын алып, бауыры Жақыптан жырақтау басқа бір жерге көшті. 7 Себебі екеуінің мал-мүлкі көп болғаны сонша — жатжерлік ретінде тұрып жатқан жерлері тарлық етіп, бір жерде тұра алмады. 8 Сөйтіп, Есау Сейірдің таулы өңіріне қоныс тепті. Есауды Едом деп те атайтын. 9 Сейірдің таулы өңірінде мекендейтін едомдықтардың түп атасы Есау жөнінде: 10 Есаудың әйелі Ададан туылған ұлының есімі — Елифаз, ал әйелі Басематтан туылған ұлының есімі — Рәгуел. 11 Елифаздың ұлдары: Теман, Омар, Зефо, Ғатам және Кеназ. 12 Есаудың ұлы Елифаздың Тамна атты кәнизагы болатын. Ол Елифазға Амалекті туып берді. Бұлар Есаудың әйелі Аданың немерелері. 13 Рәгуелдің ұлдары: Нахат, Зарах, Шамах және Мизах. Бұлар Есаудың әйелі Басематтың немерелері. 14 Есаудың әйелі Охолибаманың оған туып берген ұлдары: Еуш, Яғлом және Қорах. Охолибама Анахтың қызы, Зибеонның немересі болатын. 15 Есаудан тараған шейхтар: оның тұңғышы Елифаздың ұлдары — шейх Теман, шейх Омар, шейх Зефо, шейх Кеназ, 16 шейх Қорах, шейх Ғатам және шейх Амалек. Міне, осылар Едом жерінде Елифаздан тараған шейхтар болды. Олар Аданың немерелері еді. 17 Есаудың ұлы Рәгуелдің ұлдары мыналар: шейх Нахат, шейх Зарах, шейх Шамах, шейх Мизах. Бұлар Едом жерінде Рәгуелден тараған шейхтар. Олар Есаудың әйелі Басематтың немерелері еді. 18 Ал Есаудың әйелі Охолибаманың ұлдары: шейх Еуш, шейх Яғлом, шейх Қорах. Бұлар Анахтың қызы Охолибаманың шейх болған ұлдары. 19 Міне, осылар Есаудың, яғни Едомның, ұлдары және солардан тараған шейхтар.
11—17 мамыр
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 38, 39
“Ехоба Жүсіпті еш тастаған емес”
(Мұсаның 1-жазбасы 39:1) Ысмағұлдықтар Жүсіпті Мысырға әкелгеннен кейін, оны перғауынның сарай қызметкері әрі бас қорғаушысы Потифар есімді мысырлық сатып алды.
“Қалайша сондай ауыр қылмыс жасамақпын?!”
“Ысмағұлдық саудагерлер оны Мысырға апарған еді. Сол жерде Потифар есімді мысырлық уәзір Жүсіпті олардан сатып алды. Потифар перғауынның бас қорғаушысы болатын” (Жаратылыс 39:1). Осы бір-екі ауыз сөзбен Киелі кітап екінші рет құлдыққа сатылған Жүсіптің қаншалықты қорланғанын елестетуге көмектеседі. Ол жай ғана алып-сатар тауар сияқты болды! Енді Жүсіп жаңа қожайынына еріп, сауда-саттықпен айналысып жатқан адамдарға лық толы қала көшелерімен жаңа үйіне қарай бет алып барады.
Міне, ол жаңа үйіне де келіп жетті! Бұл оның туып-өскен үйінен мүлдем өзге. Жүсіптің отбасы шатырларда тұрды, отар-отар қой-табындарын бағып, көшпелі өмір кешті. Ал мұндағы Потифар сияқты бай мысырлықтар көз жауын алатын түрлі-түсті әсем үйлерде тұрып жатты. Археологтардың мәлімдеуінше, ежелгі мысырлықтар пайдалы өсімдіктерді, шарбақпен қоршалған бақтар мен папирус, лотос және басқа да су өсімдіктері бар тоғандарды ұнататын. Олардың тамаша бақпен қоршалған үйлерінде самал жел есіп тұратын кең алаңдары, зәулім терезелері және үлкен асүй мен құлдарға арналған бөлмелері де бар еді.
(Мұсаның 1-жазбасы 39:12—14) Сонда әйел оның киімінен ұстай алып: “Менімен жатшы”,— деді. Бірақ Жүсіп сыртқа қаша жөнелді, киімі болса әйелдің қолында қалып қойды. 13 Киімін тастап, оның сыртқа қаша жөнелгенін көрген әйел 14 сырттағы қызметшілеріне айғайлап: “Қараңдаршы! Күйеуім әкелген мына еврей бізді мазақ етпекші. Ол үйге кіріп, мені зорламақ болды! Бірақ мен бар даусыммен айқай салдым.
(Мұсаның 1-жазбасы 39:20) Ол Жүсіпті патшаның тұтқындары жатқан түрмеге қаматып тастады. Осылайша Жүсіп түрмеде жатты.
“Қалайша сондай ауыр қылмыс жасамақпын?!”
Сол уақыттары Мысыр еліндегі түрмелердің қандай болғанына қатысты біздің білетініміз көп емес. Археологтар үйінділердің арасынан темір торлары мен зындандары бар үлкен бекіністерді тапқан. Жүсіп қамалған жерін суреттегенде, түпнұсқада сөзбе-сөз “шұңқыр” дегенді білдіретін сөзді қолданған. Бұдан оның саңылаусыз қараңғы әрі адамды бар үмітінен айыратын жерде жатқаны көрінеді (Жаратылыс 40:15). Жүсіптің тағы қандай азапты бастан кешіргені жайлы Забур жырында былай делінген: “Жүсіптің аяқтары қысылып бұғауланды, Мойнына оның темір құрсау салынды” (Забур 104:17, 18). Сол заманда мысырлықтар тұтқындардың кейбірінің қолдарын артқа қайырып, шынтақтарына бұғау салатын, ал басқаларының мойнына темірден жасалған қарғы кигізетін. Жүсіптің ешқандай қылмыс жасамаса да, өзінің соншалықты азапталғанына қатты күйінгені айтпаса да түсінікті!
Ал ең сорақысы, бұл қас қағым сәтте өте шығатын қиындық емес еді. Киелі кітапта Жүсіптің түрмеде қала бергені жазылған. Ол жантүршіктіретін жерде жылдар бойы жатты! Ол тіпті бостандыққа шығатынын я шықпайтынын білмеді. Түрмеде өткізген алғашқы сұмдық күндер апталарға, сосын айларға ұласқанда, болашақтан күдер үзіп, торығып кетпеуге Жүсіпке не көмектесті?
Киелі кітапта “Жаратқан Ие Жүсіпке жар болып, оған шапағатын төккені” жазылған (Жаратылыс 39:21). Түрме қабырғасы да, бұғаулар да, қараңғы зындан да Ехобаның өз қызметшісіне айнымас сүйіспеншілігін танытуына кедергі бола алмады (Римдіктерге 8:38, 39). Жүсіптің көктегі Әкесіне дұғада қайғы-мұңын шаққаны, ал “жұбаныш атаулының қайнар көзі” Ехобаның оның жүрегіне тыныштық бергені анық (Қорынттықтарға 2-хат 1:3, 4; Філіпіліктерге 4:6, 7). Ехоба Жүсіпке тағы қандай жолмен қол ұшын берді? Ол Жүсіпті “түрме бастығының мейіріміне” бөледі.
(Мұсаның 1-жазбасы 39:21—23) Ехоба Жүсіпке жар болып, оған айнымас сүйіспеншілігін төкті, осының арқасында ол түрме бастығының ықыласына ие болды. 22 Сондықтан түрме бастығы барлық тұтқынды Жүсіптің қарамағына тапсырды. Ол не айтса, олар соны істейтін болды. 23 Түрме бастығы Жүсіпке тапсырған істің ешқайсысын уайымдамайтын. Өйткені Ехоба оған жар болды және Ехоба оның барлық ісін оңғарып отырды.
“Қалайша сондай ауыр қылмыс жасамақпын?!”
Киелі кітапта “Жаратқан Ие Жүсіпке жар болып, оған шапағатын төккені” жазылған (Жаратылыс 39:21). Түрме қабырғасы да, бұғаулар да, қараңғы зындан да Ехобаның өз қызметшісіне айнымас сүйіспеншілігін танытуына кедергі бола алмады (Римдіктерге 8:38, 39). Жүсіптің көктегі Әкесіне дұғада қайғы-мұңын шаққаны, ал “жұбаныш атаулының қайнар көзі” Ехобаның оның жүрегіне тыныштық бергені анық (Қорынттықтарға 2-хат 1:3, 4; Філіпіліктерге 4:6, 7). Ехоба Жүсіпке тағы қандай жолмен қол ұшын берді? Ол Жүсіпті “түрме бастығының мейіріміне” бөледі.
Асыл тастарды іздеп табайық
(Мұсаның 1-жазбасы 38:9, 10) Бірақ Онан туылатын бала өзінікі болмайтынын біліп, жеңгесімен жақындасқанда, ағасының соңынан ұрпақ қалдырмау үшін, шәуетін жерге төгіп тастап отырды. 10 Онанның бұл ісін Ехоба жек көріп, оны да тірі қалдырмады.
it-2 555-б.
Онан
(“бел қуаты; күш-қайрат” деген сөздің түбірінен шыққан)
Онан — Яһуданың Шуа есімді қанахандық кісінің қызынан туылған екінші ұлы (М1ж 38:2—4; Ш1ж 2:3). Ехоба Онанның тұяқсыз қалған ағасы Ерді жеркенішті ісі үшін мерт қылған болатын. Сонда Яһуда Онанға ағасының жесірі Тамарды әмеңгерлікке алуды айтады. Егер ұл туылса, ол Онанның тұқымын жалғастырушы емес, Ердің тұңғышы саналып, оған тиесілі мұраны иемденер еді. Ал мұрагер туылмаса, мұра Онанға тиер еді. Онан Тамармен жақындасқанда, “шәуетін жерге төгіп тастап отырды”. Ол ұрығын “жеңгесімен жақындасқанда” төгіп тастап отырғандықтан, мұны мастурбация дей алмаймыз. Ол бұны Тамар жүкті болып қалмас үшін әдейі істеген көрінеді. Демек, Ехоба ұрпақсыз қалған Онанды мастурбация үшін емес, әкесін тыңдамағаны үшін, ашкөздігі және әмеңгерлік некеге қатысты міндетін орындамағаны үшін тірі қалдырмады (М1ж 38:6—10; 46:12; М4ж 26:19).
(Мұсаның 1-жазбасы 38:15—18) Яһуда әйелді көргенде, жезөкше екен деп ойлап қалды, өйткені әйел бетін жауып алған еді. 16 Ол жолдан бұрылып, әйелдің қасына барды да: “Сенімен жатып шығайын”,— деді. Яһуда оның өз келіні екенін білген жоқ. Сонда әйел: “Сізбен жатып шықсам, маған не бересіз?”— деп сұрады. 17 Ол: “Саған отарымнан бір лақ беріп жіберемін”,— дегенде, әйел: “Оны беріп жіберетініңізге кепілдік болатын бірдеңе қалдырасыз ба?”— деді. 18 Яһуда: “Кепілдікке не берейін?”— деп сұрағанда, әйел: “Мөрлі жүзігіңізді, оның бауын және қолыңыздағы таяғыңызды беріңіз”,— деді. Сұрағанын беріп, Яһуда онымен жатып шықты. Содан әйел одан жүкті болды.
Оқырмандардың сауалдары
Тамарды Шелаға қосам деген уәдесінде тұрмай, Яһуда дұрыс істемеді. Сондай-ақ ол жезөкше деп ойлаған әйелмен жыныстық қатынасқа түсті. Ал бұл адам тек некеде ғана жыныстық қатынаста бола алады деген Құдайдың еркіне қайшы болды. Сондықтан Яһуданың іс-әрекеті Құдайдың еркіне сай болмады (Жаратылыс 2:24). Дегенмен де, Яһуда жыныстық қатынаста жезөкше әйелмен болған жоқ. Шын мәнісінде, ол мұнысын өзі аңдамай ұлы Шеланың орнына әмеңгер болып туған ұрпақтың заңды әкесі болып шықты.
Ал Тамардың іс-әрекеті азғындыққа жатқан жоқ. Оның егіз ұлы азғындықтан туылған болып есептелмейді. Бетлехемдегі Боғоз моабтық Рутқа әмеңгер ретінде үйленген кезде, Бетлехемнің ақсақалдары Тамардың ұлы Парес туралы жақсы лебіз білдіріп, Боғозға былай деді: “Ата-тегіміз Яһудаға Тамар Паресті туып беріп, үлкен әулетті таратқандай, Жаратқан Ие осы жас әйелден сыйлайтын ұрпақтарың арқылы сені де үбірлі-шүбірлі қыла көрсін!” (Рут 4:12). Сонымен қатар Парес те Иса Мәсіхтің ата-тегіне енгізілді (Матай 1:1—3; Лұқа 3:23—33).
Киелі кітапты оқу
(Мұсаның 1-жазбасы 38:1—19) Сол күндері Яһуда бауырларының қасынан кетіп, Хирах есімді адолламдық кісінің маңына шатырын тікті. 2 Сол жерде Яһуда Шуа есімді бір қанахандықтың қызын әйелдікке алып, онымен жақындасты. 3 Содан әйелі бала көтеріп, ұл туды. Оның есімін Ер деп қойды. 4 Кейін ол қайтадан жүкті болып, ұл тапты да, есімін Онан деп қойды. 5 Бұдан соң ол тағы да ұлды болып, оны Шелах деп атады. Әйелі босанғанда, Яһуда Ақзипта еді. 6 Кейін Яһуда баласы Ерге әйел алып берді. Оның есімі Тамар болатын. 7 Бірақ Яһуданың тұңғыш ұлы Ердің іс-әрекеті Ехобаға жеккөрінішті болды. Сондықтан Ехоба оны тірі қалдырмады. 8 Сонда Яһуда Онанға: “Әмеңгер болып жеңгеңе үйлен, осылай марқұм ағаңның артынан ұрпақ қалдыр”,— деді. 9 Бірақ Онан туылатын бала өзінікі болмайтынын біліп, жеңгесімен жақындасқанда, ағасының соңынан ұрпақ қалдырмау үшін, шәуетін жерге төгіп тастап отырды. 10 Онанның бұл ісін Ехоба жек көріп, оны да тірі қалдырмады. 11 Сонда Яһуда келіні Тамарға: “Ұлым Шелах ержеткенше, әкеңнің үйінде жесір болып отыра тұр”,— деді. Өйткені ол іштей: “Бұл да ағалары іспетті өліп қалмасын”,— деген еді. Содан Тамар әкесінің үйіне барып, сол жерде тұрып жатты. 12 Біраз уақыт өткен соң, Яһуданың әйелі, Шуаның қызы, қайтыс болды. Аза тұту күндері аяқталған соң, Яһуда адолламдық досы Хирахты ертіп, Тимнада қой қырқып жатқан қызметшілеріне кетті. 13 Тамарға “қайын атаң қойларын қырқу үшін Тимнаға бара жатыр” деген хабар жетті. 14 Сонда ол жесірлік киімін ауыстырып, орамал жамылып, бетін жауып алды да, Тимнаға бара жатқан жолдағы Енайым қаласына кіреберіс жерде отырды. Өйткені Шелах ер жетсе де, қайын атасы өзін оған қоспай қойған еді. 15 Яһуда әйелді көргенде, жезөкше екен деп ойлап қалды, өйткені әйел бетін жауып алған еді. 16 Ол жолдан бұрылып, әйелдің қасына барды да: “Сенімен жатып шығайын”,— деді. Яһуда оның өз келіні екенін білген жоқ. Сонда әйел: “Сізбен жатып шықсам, маған не бересіз?”— деп сұрады. 17 Ол: “Саған отарымнан бір лақ беріп жіберемін”,— дегенде, әйел: “Оны беріп жіберетініңізге кепілдік болатын бірдеңе қалдырасыз ба?”— деді. 18 Яһуда: “Кепілдікке не берейін?”— деп сұрағанда, әйел: “Мөрлі жүзігіңізді, оның бауын және қолыңыздағы таяғыңызды беріңіз”,— деді. Сұрағанын беріп, Яһуда онымен жатып шықты. Содан әйел одан жүкті болды. 19 Кейін ол сол жерден кетіп, орамалын шешіп, жесірлік киімін қайта киіп алды.
18—24 мамыр
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 40, 41
“Ехоба Жүсіпті құтқарды”
(Мұсаның 1-жазбасы 41:9—13) Сол кезде бас шарапшы перғауынға былай деді: “Бүгін мен күнәмді мойындаймын. 10 Бірде перғауын қызметшілеріне ашуланып, мені және бас наубайшыны бас қорғаушының түрмесіне жапқан болатын. 11 Сол жерде жатып, бір түнде екеуміз де түс көрдік. Әр түстің өзіндік мағынасы бар екен. 12 Түрмеде бізбен бірге бір еврей жігіті болды. Ол бас қорғаушының қызметшісі еді. Оған түсімізді айтып едік, екеуміздікін де жорып берді. 13 Бәрі сол жігіт айтқандай болып, мен қайтадан бұрынғы қызметіме оралдым, ал наубайшы бағанаға ілінді”.
“Түстің мағынасын ашып беретін Құдай емес пе?!”
Шарапшы өзіне жақсылық жасаған Жүсіпті сол күйі есіне алмағанмен, Ехоба оны ұмытпаған еді. Бірде ол перғауынға есте қаларлық екі түс көрсетті. Оның біріншісінде патша қоңды, жақсы жеті сиырдың Ніл өзенінен шығып келе жатқанын және жеті ұсқынсыз, арық сиырдың олардың артынан жүргенін көрді. Арық сиырлар қоңды сиырларды жеп қойды. Екінші түсінде перғауын бір сабақтан әдемі жеті масақ өсіп шыққанын көрді. Ыстық желге күйіп кеткен басқа жіңішке жеті масақ өсіп шығып, ірі жеті масақты жұтып қойды. Таңертең қатты мазасызданып оянған перғауын осы түстерді жорып беру үшін барлық данышпандары мен сиқыршылықпен айналысатын абыздарын шақыртты. Бірақ олардың ешқайсысы түстердің мәнін ашып бере алмады (Мұсаның 1-жазбасы 41:1—8). Олар жай абдырап қалды ма, жоқ әлде бір-біріне қайшы келетін ойлар айтты ма — бұл жағы белгісіз. Қалай болған күнде де, перғауынның үміті ақталмады, бірақ оның осы бір құпияның сырын білуге деген ынтызарлығы еш басылмады.
Ақырында, шарапшы Жүсіпті есіне түсірді! Ар-ұяты оянған ол перғауынға барып, осыдан екі жыл бұрын өзінің және наубайшының түсін дәл жорып берген ерекше жас жігіт жайлы айтып берді. Содан перғауын кідірместен Жүсіпті түрмеден алдыртты (Мұсаның 1-жазбасы 41:9—13).
(Мұсаның 1-жазбасы 41:16) Бұған Жүсіп: “Түс жоритын — мен емес. Оны перғауынға жақсылыққа жорып беруші — Құдай”,— деді.
(Мұсаның 1-жазбасы 41:29—32) Бүкіл Мысыр жерінде жеті жыл бойы молшылық болады. 30 Содан кейін осы молшылықты ұмыттыратын жеті жылдық жұт келіп, жердің тоз-тозын шығарады. 31 Ашаршылықтың өте ауыр болатыны соншалық — оның алдында болған молшылықтың ізі де қалмайды. 32 Перғауынның түсті екі рет көргені шынайы Құдайдың бұл істі нақты шешіп қойғанын әрі жақын арада жүзеге асыратынын білдіреді.
“Түстің мағынасын ашып беретін Құдай емес пе?!”
Ехоба кішіпейіл, адал жандарды жақсы көреді, сондықтан оның данышпандар мен абыздардан жасырған жауапты Жүсіпке ашқаны ғажап емес. Жүсіп перғауынның екі түсі де бір хабарға нұсқайтынын түсіндірді. Ал оны екі рет қайталау арқылы Ехоба “бұл істі нақты шешіп қойғанын”, яғни оның міндетті түрде орындалатынын көрсетті. Түстегі қоңды сиырлар мен ірі масақтар Мысырда жеті жыл тоқшылық болатынын, ал арық сиырлар мен жіңішке масақтардың содан кейін келетін жеті ашаршылық жылын білдірді. Ашаршылық кезінде елдің бүкіл азығы түгесілмек еді (Мұсаның 1-жазбасы 41:25—32).
(Мұсаның 1-жазбасы 41:38—40) Сонда ол қызметшілеріне: “Құдай рухы қонған осы кісіден артық біреуді таба аламыз ба?”— деді. 39 Сосын Жүсіпке: “Мұның бәрін саған Құдай білдіріп тұр екен, ендеше сендей ақылды да дана ешкім жоқ. 40 Бүкіл сарайымды сенің қарамағыңа беремін, барша халқым да айтқаныңды бұлжытпай орындайды. Тек патша тағында отырған мен ғана сенен жоғары боламын”,— деді.
“Түстің мағынасын ашып беретін Құдай емес пе?!”
Перғауын өз сөзінде тұрды. Көп ұзамай Жүсіптің үстіне сапалы зығыр матадан киім кигізілді. Перғауын оған алтын алқа, мөрлі жүзік, патшаның күймесін және бүкіл елді еркін аралап, жоспарын іске асыруға билік берді (Мұсаның 1-жазбасы 41:42—44). Осылайша бір күннің ішінде түрмеде жатқан Жүсіп патша сарайынан бір-ақ шықты. Таңертең бейшара тұтқын болып оянған жас жігіт түнде перғауыннан кейінгі екінші билеуші болып ұйқыға жатты. Жүсіптің Ехоба Құдайға деген сенімі бекер болмағаны қаншалықты анық көрінді десеңізші! Оның жылдар бойы талай рет әділетсіздіктің құрбаны болғаны Құдайдың назарынан тыс қалмады. Ол бұл қиындықтарды өз уағында әрі ең жақсы жолмен шешті. Ехоба оның жағдайын түзетуді ғана емес, болашақ Исраил халқына жол салуды да көздеген еді. Бұл жайлы осы айдардың келесі мақаласында сөз ететін боламыз.
Асыл тастарды іздеп табайық
(Мұсаның 1-жазбасы 41:14) Сонда перғауын Жүсіпті тез арада түрмеден алып келуді бұйырды. Жүсіп сақал-мұртын алып, киімін ауыстырып, перғауынның алдына келді.
Сіз білгенсіз бе?
Неге Жүсіп перғауынның алдына қырынып барған?
Мұсаның 1-жазбасында айтылғандай, бірде перғауын түсін жорып беру үшін түрмеде отырған Жүсіп деген еврей жігітін тез арада әкелуді бұйырады. Ол кезде Жүсіптің қамауда отырғанына бірнеше жыл болған. Перғауын тез арада келуін талап еткенмен, Жүсіп оның алдына қырынған соң ғана барады (Мұсаның 1-жазбасы 39:20—23; 41:1, 14). Бір қарағанда маңызсыз болып көрінетін бұл жайттан осы кітапты жазған адамның Мысыр мәдениетін жақсы білгені көрінеді.
Ежелде еврей халқы, сондай-ақ басқа халықтардың көбісі сақал-мұрт қоятын. Бірақ Макклинток пен Стронгтың энциклопедиясында былай делінген: “Шығыс халықтарының арасында тек ежелдегі мысырлықтар ғана сақал қоймаған”.
Мысырлықтар қырынғанда, тек сақалын ғана алған ба? Бір еңбекте айтылғандай, ежелдегі мысырлықтардың әдет-ғұрпына сай, адам перғауынның алдына барарда, ғибадатханаға баратындай дайындалған (“Biblical Archaeology Review”). Олай болса, Жүсіпке бүкіл денесіндегі түкті қыруға тура келген.
(Мұсаның 1-жазбасы 41:33) Сондықтан перғауын бір ақылды да дана кісіні тауып, Мысыр елін басқаруды соған тапсырсын.
Құдайдың қызметшілері ретінде әдепті болайық
14 Киелі кітап заманында Құдайды қастерлейтін ата-аналар балаларын әдепті жүріс-тұрыстың негізгі нормаларына үйрететін. Жаратылыс 22:7-ні оқып, Ыбырайым мен оның ұлы Ысқақтың бір-біріне қалай сөйлегеніне көңіл бөліңдерші. Жүсіп те ата-анасынан жақсы тәрбие алғанға ұқсайды. Ол түрмеде отырғанда қасындағыларға ілтипаттылықпен сөйледі (Жар. 40:8, 14). Ал перғауынға айтқан сөзінен жоғары дәрежелі адаммен қалай сөйлесу керектігін де білгені байқалды (Жар. 41:16, 33, 34).
Киелі кітапты оқу
(Мұсаның 1-жазбасы 40:1—23) Содан бір күні Мысыр патшасының бас шарапшысы мен бас наубайшысы қожайындарының, яғни Мысыр патшасының, алдында кінәлі болып қалды. 2 Перғауын бұл екі қызметшісіне, бас шарапшы мен бас наубайшыға, ашуланып, 3 оларды бас қорғаушының түрмесіне қаматты. Бұл түрмеде Жүсіп те отырған еді. 4 Бас қорғаушы екеуін Жүсіптің қарамағына тапсырып, ол соларға қызмет көрсетті. Олар түрмеде біраз уақыт отырды. 5 Түрмеде жатқан шарапшы мен наубайшы бір күні түнде түс көрді. Түстерінің белгілі бір мағынасы бар еді. 6 Жүсіп оларға таңертең келгенде, екеуі де мұңайып отыр екен. 7 Сонда ол өзімен бірге түрмеде отырған перғауынның қызметшілерінен: “Неге жүздеріңіз жабырқаулы?”— деп сұрады. 8 Бұған олар: “Екеуміз де түс көріп едік, олардың мағынасын түсіндіріп беретін ешкім болмай тұр”,— деп жауап берді. Сонда Жүсіп: “Түстің мағынасын ашып беретін Құдай емес пе?! Не көргендеріңізді маған айтып беріңіздерші”,— деді. 9 Бас шарапшы көрген түсін Жүсіпке былай деп айта бастады: “Түсімде мен бір жүзім сабағын көрдім. 10 Сабақтың үш өркені бар екен деймін. Олар бүршік атып, гүлдеді, кейін жүзімдері пісіп жетілді. 11 Қолымда перғауынның тостағаны бар екен, мен оған жүзімдерді сығып, тостағанды перғауынның қолына ұстаттым”. 12 Жүсіп оған былай деді: “Түсіңіздің мағынасы мынау: үш өркен үш күнді білдіреді. 13 Үш күннен кейін перғауын сізді босатып, қызметіңізге қайта тағайындайды. Сөйтіп, сіз бұрынғыдай перғауынның шарапшысы болып, оған тостаған ұсынатын боласыз. 14 Ісіңіз оңалған шақта мені есіңізге алсаңыз екен. Перғауынға мен жайлы бірауыз сөз айтып, осы жерден шығарып алып, маған мейірімділік таныта көріңіз. 15 Мені еврейлердің жерінен ұрлап әкелген еді. Бұл жерде түрмеге түсетіндей мен еш қылмыс жасаған жоқпын”. 16 Түсті жақсылыққа жорып бергенін көргенде, бас наубайшы Жүсіпке: “Мен де түс көрдім. Түсімде ақ нан салынған үш себетті басыма қойып алыппын. 17 Үстіңгі себетке перғауынға арнап пісірілген түрлі нан тағамдары салыныпты. Басымдағы себеттің ішіндегілерін құстар шоқып жатыр екен”,— деді. 18 Жүсіп оған: “Түсіңіздің мағынасы мынау: үш себет үш күнді білдіреді. 19 Үш күннен кейін перғауын басыңызды алып, сізді бағанаға іліп қояды, ал құстар етіңізді шоқып жейтін болады”,— деді. 20 Үш күн өткеннен кейін перғауынның туған күні болды. Ол барлық қызметшісін жинап, той жасады да, бас шарапшысы мен бас наубайшысын алдыртып, қызметшілерінің ортасына шығарды. 21 Сөйтіп, ол бас шарапшыны бұрынғы қызметіне қайтарып, шарапшы бұрынғыдай перғауынға тостаған ұсынатын болды. 22 Ал бас наубайшыны, Жүсіп алдын ала айтқандай, бағанаға іліп қойды. 23 Алайда бас шарапшы Жүсіпті есіне алмады, ол жайлы ұмытып кетті.
25—31 мамыр
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 42, 43
“Жүсіп асқан ұстамдылық танытты”
(Мұсаның 1-жазбасы 42:5—7) Исраилдің ұлдары өзге адамдармен бірге Мысырға астық сатып алуға келді. Себебі аштық Қанахан елін де жайлаған еді. 6 Жүсіп Мысырда билігі бар адам болатын. Ол жан-жақтан келген жұртқа астық сатып жатқандықтан, бауырлары оның алдына келіп, жерге дейін иіліп тағзым етті. 7 Жүсіп ағаларын бірден таныды, бірақ өзінің кім екенін жасырып, оларға: “Сендер қайдан келдіңдер?”— деп қатал сөйледі. Олар: “Астық сатып алу үшін Қанахан елінен келген едік”,— деп жауап қатты.
“Мен Құдай емеспін ғой!”
Ал Жүсіп ше? Ол ағаларын бірден таныды! Жерге дейін иіліп тағзым етіп жатқандарын көргенде, балалық шағындағы бір оқиға оның есіне түсті. Киелі кітапта: “Сол кезде ағалары жайлы көрген түстері Жүсіптің есіне түсті”,— делінген. Ехобадан келген бұл түсінде ол өзіне ағаларының дәл қазіргідей иіліп тағзым еткенін көрген болатын (Мұсаның 1-жазбасы 37:2, 5—9; 42:7, 9). Ал енді Жүсіп не істемек: ағаларын бауырына баса ма, әлде кегін қайтара ма?
Жүсіп сезімдерінің жетегінде кетпеу керектігін жақсы білді. Бұл ерекше оқиғаға Ехобаның басшылық еткені айдан анық, өйткені оның еркіне тікелей қатысты еді. Ехоба Жақыптың үрім-бұтағын ұлы халыққа айналдырамын деп уәде еткен болатын (Мұсаның 1-жазбасы 35:11, 12). Егер Жүсіптің бауырлары әлі де қатыгез, өзімшіл әрі арсыз болса, Құдайдың аталмыш уәдесі орындаусыз қалар еді. Бұған қоса, Жүсіп сезімнің жетегімен әрекет етсе, Қанаханда тұрып жатқан жақындарына кесірін тигізіп, тіпті әкесінің не інісі Бенияминнің өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді. Жүсіпке олардың тіпті өлі-тірісі де белгісіз болатын. Бауырларының өзгерген-өзгермегенін сынап білу үшін, ол өзінің кім екенін жасырды. Содан кейін Жүсіп өзінен Ехобаның нені қалайтынын білер еді.
“Мен Құдай емеспін ғой!”
Бәлкім, сіз мұндай жағдайға ешқашан кезікпеген боларсыз. Бірақ бүгінде отбасындағы ұрыс-керіс пен алауыздық кең етек алған. Осындай жағдайға тап болсақ, жүрек қалауымыздың не пендешілік сезімдеріміздің жетегімен әрекет ететін шығармыз. Дегенмен мұндай жағдайда Жүсіпке еліктеп, Құдайдың еркіне сай әрекет етуге тырысқанымыз абзал (Нақыл сөздер 14:12). Әрине, отбасы мүшелерімен тату болғанымыз маңызды, алайда Ехоба және оның Ұлымен орнатқан татулығымыз анағұрлым маңыздырақ (Матай 10:37).
(Мұсаның 1-жазбасы 42:14—17) Бірақ Жүсіп: “Сендер тыңшысыңдар дедім ғой! 15 Айтып тұрғандарың шындық екенін былай тексеремін: ең кіші інілеріңді осында алып келмейінше, перғауынның өмірімен ант етемін, бұл жерден ешқайда кетпейсіңдер. 16 Араларыңнан біреуді жіберіп, інілеріңді алдыртыңдар, ал қалғандарың қамауда боласыңдар. Осылайша сөздеріңнің өтірік не шын екені аян болады. Егер сөздерің өтірік болып шықса, перғауынның өмірімен ант етемін, онда тыңшы болғандарың”,— деді. 17 Осыны айтқаннан кейін, Жүсіп оларды үш күнге қамап тастады.
“Мен Құдай емеспін ғой!”
Жүректерінде не барын анықтау үшін, Жүсіп бауырларын бірнеше рет сынайды. Ол аудармашы арқылы оларды жатжерлік тыңшылар деп айыптайды. Бауырлары өздерін ақтамақ болып, отбасылары жайлы, кенже інілері үйде қалғаны жайлы айта бастайды. Інісі жайлы жақсы хабар естісе де, Жүсіп сезімдерін білдірмеуге тырысты. Інісі шынымен тірі ме екен? Жүсіп әрі қарай не істеу керектігін білді. Ол: “Айтып тұрғандарың шындық екенін былай тексеремін”,— деді де, кенже інілерін әкелуді бұйырды. Кейіннен Жүсіп олардың арасындағы біреуі кепілдікке қалатын болса, қалғандарын інілерін әкелуге үйлеріне қайтаратынын айтты (Мұсаның 1-жазбасы 42:9—20).
(Мұсаның 1-жазбасы 42:21, 22) Ағайындылар бір-біріне: “Бауырымызға жасаған қиянатымыз үшін осындай жазаға ұшырадық. Оның бізге жалынып, қатты қиналғанын көрсек те, аяушылық жасамадық. Сол үшін басымыз осындай пәлеге қалды”,— десті. 22 Рубен оларға: “Балаға тиіспеңдер демеп пе едім?! Бірақ сендер мені тыңдамадыңдар. Енді міне, оның қаны үшін жауапқа тартылатын кез келді”,— деді.
it-2 108-б., 4-абз.
Жүсіп
Осы жағдайда Жүсіптің бауырлары кезінде оны құлдыққа сатып жібергені үшін Құдайдың жазасына ұшырадық деп ойлай бастады. Көз алдында тұрған інілерін танымай қалған олар істеген қателіктері жайлы айта бастады. Олардың өкінішке толы сөздерін естігенде, Жүсіптің қатты толқып кеткені сонша — қастарынан кетіп қалып, жылап жіберді. Қайтып келгенде, ол Шимонды байлатқызып, ағалары кенже інілерін алып келмейінше ұстап отырды (М1ж 42:21—24).
Асыл тастарды іздеп табайық
(Мұсаның 1-жазбасы 42:22) Рубен оларға: “Балаға тиіспеңдер демеп пе едім?! Бірақ сендер мені тыңдамадыңдар. Енді міне, оның қаны үшін жауапқа тартылатын кез келді”,— деді.
(Мұсаның 1-жазбасы 42:37) Сонда Рубен: “Егер оны сізге қайтып әкелмесем, менің екі ұлымды өлтірсеңіз болады. Баланы маған табыстаңыз, оны аман-есен қайтарамын”,— деп еді,
it-2 795-б.
Рубен
Тоғыз бауыры Жүсіпті өлтірмекші болғанда, Рубен оны өлтірмей, суы жоқ құдыққа лақтыруға көндірді. Осы кезде оның кейбір жақсы қасиеттері байқалды. Ол кейін ешкімге білдіртпей қайтып келіп, Жүсіпті құдықтан шығарып алмақшы болған (М1ж 37:18—30). 20 жылдан аса уақыттан кейін Мысырға келген осы бауырлары тыңшы деп айыпталғанда, Жүсіпке қиянат жасағандары үшін жазаланып жатырмыз деп ойлады. Сонда Рубен сол қастандықтарына ортақтаспағанын бауырларының есіне салды (М1ж 42:9—14, 21, 22). Кейін Жақып ұлдары екінші рет Мысырға бармақшы болғанда, Бенияминді олармен бірге жіберуден бас тартты. Сол кезде Рубен өз екі ұлын әкесіне кепіл ретінде ұсынып былай деді: “Егер оны [Бенияминді] сізге қайтып әкелмесем, менің екі ұлымды өлтірсеңіз болады” (М1ж 42:37).
(Мұсаның 1-жазбасы 43:32) Сонда Жүсіпке өз алдына, ағаларына өз алдына және сондағы мысырлықтарға өз алдына тамақ берілді. Себебі мысырлықтар еврейлермен бірге тамақтанбайтын, бұл олар үшін жиіркенішті еді.
Жаратылыстың басталуы кітабының көңіл бұрарлық тұстары. II-бөлім.
43:32 — Неліктен мысырлықтар еврейлермен бірге тамақтансақ арамданып қаламыз деп ойлаған? Мұның себебі көбінесе діни алалаушылық немесе ұлттық көкірекшілдік болуы мүмкін. Сонымен қатар мысырлықтар үшін бақташылар жиіркенішті болған (Жаратылыс 46:34). Неге? Мысыр қоғамында бақташылық төмен кәсіп болып есептелгендіктен болуы мүмкін, я болмаса олар өңдеуге жарамды жерлер шектеулі болғандықтан да отарына жайылым іздегендерді жек көруі мүмкін.
Киелі кітапты оқу
(Мұсаның 1-жазбасы 42:1—20) Жақып Мысырда астық барын естіп, ұлдарына: “Неге бір-біріңе қарап отырсыңдар? 2 Мысырда астық бар деп естідім. Аштан өліп қалмайық десеңдер, сонда барып, астық сатып әкеліңдер”,— деді. 3 Содан Жүсіптің он ағасы астық сатып алу үшін Мысырға жол тартты. 4 Бірақ Жақып Жүсіптің туған інісі Бенияминді олармен жібермеді, өйткені бір пәлеге ұшырап қалар деп қауіптенді. 5 Исраилдің ұлдары өзге адамдармен бірге Мысырға астық сатып алуға келді. Себебі аштық Қанахан елін де жайлаған еді. 6 Жүсіп Мысырда билігі бар адам болатын. Ол жан-жақтан келген жұртқа астық сатып жатқандықтан, бауырлары оның алдына келіп, жерге дейін иіліп тағзым етті. 7 Жүсіп ағаларын бірден таныды, бірақ өзінің кім екенін жасырып, оларға: “Сендер қайдан келдіңдер?”— деп қатал сөйледі. Олар: “Астық сатып алу үшін Қанахан елінен келген едік”,— деп жауап қатты. 8 Жүсіп ағаларын танығанмен, олар оны танымады. 9 Сол кезде ағалары жайлы көрген түстері Жүсіптің есіне түсті. Сонда оларға: “Сендер тыңшысыңдар! Осы елдің қорғансыз жерлерін біліп алуға келдіңдер!”— деді. 10 Ағалары болса: “Жо-жоқ, мырза! Алдыңыздағы құлдарыңыз бұл елге астық сатып алу үшін ғана келді. 11 Барлығымыз да бір әкенің ұлдарымыз. Біз адал адамдармыз, құлдарыңыз ешқандай да тыңшы емес”,— дегенде, 12 Жүсіп қайтадан: “Жоқ, сендер осы елдің қорғансыз жерлерін біліп алуға келдіңдер!”— деді. 13 Сонда олар: “Құлдарыңыз он екі ағайынды. Қанаханда тұратын бір кісінің ұлдарымыз. Кенжеміз әкеміздің қасында қалды, ал біреуінен айырылып қалғанбыз”,— деді. 14 Бірақ Жүсіп: “Сендер тыңшысыңдар дедім ғой! 15 Айтып тұрғандарың шындық екенін былай тексеремін: ең кіші інілеріңді осында алып келмейінше, перғауынның өмірімен ант етемін, бұл жерден ешқайда кетпейсіңдер. 16 Араларыңнан біреуді жіберіп, інілеріңді алдыртыңдар, ал қалғандарың қамауда боласыңдар. Осылайша сөздеріңнің өтірік не шын екені аян болады. Егер сөздерің өтірік болып шықса, перғауынның өмірімен ант етемін, онда тыңшы болғандарың”,— деді. 17 Осыны айтқаннан кейін, Жүсіп оларды үш күнге қамап тастады. 18 Үшінші күні Жүсіп оларға: “Мен Құдайдан қорқатын адаммын. Аман қалғыларың келсе, менің айтқанымды істеңдер. 19 Егер шынымен адал болсаңдар, біреуің қамауда қалып, қалғандарың ашығып отырған үй іштеріңе астық апарып беріңдер. 20 Сосын кенже інілеріңді алып келіңдер, сонда сөздеріңнің рас екеніне көзім жетіп, сендер аман қаласыңдар”,— деді. Бұған олар келісті.