Матай
8 Иса таудан түскенде, соңынан қалың жұрт ерді. 2 Сонда алапеспен ауыратын бір кісі оған келді де, тағзым етіп: “Ием, қаласаңыз болғаны, мені айықтырып тазарта аласыз”,— деді+. 3 Иса қолын созып, оның денесіне тигізіп: “Қалаймын, тазар!”— деді+. Сол сәтте ол алапесінен тазарды+. 4 Иса оған: “Байқа, бұл туралы ешкімге тіс жарма+! Бірақ барып, діни қызметкерге қарал+ да, Мұса бұйырған сый-тартуды ұсын+. Бұл оларға куәлік болсын”,— деді.
5 Иса Қапарнаумға кіргенде, оған бір жүзбасы келіп, жалынып+: 6 “Мырза, үйде сал болып жатқан қызметшім бар, ол қатты қиналуда”,— деді. 7 Иса: “Сол жерге барғанда сауықтырамын”,— деп жауап берді. 8 Сонда жүзбасы былай деді: “Мырза, сізді үйіме кіргізуге лайықсызбын. Тек бірауыз сөз айтсаңыз болғаны, қызметшім айығып кетеді. 9 Өйткені мен де біреуге бағынышты адаммын және өзімнің де қол астымда сарбаздарым бар. Олардың біреуіне “Бар!” десем, барады, басқасына “Кел!” десем, келеді. Ал құлыма “Мынаны істе!” десем, соны істейді”. 10 Мұны естігенде, Иса қатты таңғалып, өзіне еріп келе жатқандарға: “Сендерге шындығын айтамын, Исраилде ешкімнен мұндай зор сенім көрген емеспін+. 11 Сендерге былай деймін: Көк Патшалығында Ыбырайым, Ысқақ және Жақыппен бірге шығыс пен батыстан келген көп адам дастарқан басына жантаятын болады+. 12 Ал Патшалықтың ұлдары сырттағы қара түнекке тасталады. Сол жерде олар зар еңіреп, қинала тістенетін болады+”. 13 Содан соң Иса жүзбасына: “Бара бер. Сеніміңе сай тілегенің болсын+!”— деді. Сол сәтте-ақ оның қызметшісі айығып кетті+.
14 Петірдің үйіне келгенде, Иса оның қайын енесінің+ ыстығы көтеріліп, ауырып жатқанын көрді+. 15 Иса оның қолына қолын тигізді+. Сонда әйелдің ыстығы басылып, орнынан тұрып, оған ас әзірлей бастады. 16 Кеш түскенде жұрт оған бойын жын билеген көп адамды алып келді. Ол бұйрық беріп, жындарды қуып шығарды және барлық науқастарды сауықтырды. 17 Осылайша Ишая пайғамбар арқылы айтылған мына сөздер орындалды: “Ол біздің қасіретіміз бен ауруларымызды өзіне алды+”.
18 Иса айналасындағы қалың жұртты көріп, шәкірттеріне қайықпен арғы жағаға өтуді бұйырды+. 19 Сонда оған бір дін мұғалімі келіп: “Ұстаз, қайда барсаңыз да, мен сізге еремін+”,— деді. 20 Бірақ Иса: “Түлкілердің іні, құстардың ұясы бар, ал Адам Ұлының* бас тірейтін тұрағы да жоқ”+,— деді. 21 Өзге бір шәкірті: “Ием, алдымен әкеме барайын, оны жерлеген соң келуге рұқсат етіңіз”+,— деп еді, 22 Иса: “Соңымнан еріп жүр! Ал өлгендерін жерлеуді өлілерге қалдыр”+,— деп жауап берді.
23 Содан кейін Иса мен шәкірттері қайыққа отырды+. 24 Кенет теңізде сұрапыл дауыл көтеріліп, долы толқын қайықты соққылап, іші суға тола бастады. Иса бұл кезде ұйықтап жатты+. 25 Шәкірттері қасына келіп: “Ием, бізді құтқара көріңіз, құритын болдық!”— деп, оны оятты. 26 Иса оларға: “Неге сонша қорқасыңдар, сенімі аздар-ау!”+— деді де, орнынан тұрып, жел мен теңізге тыйым салды. Сонда жым-жырт тыныштық орнады+. 27 Бұған таңғалған шәкірттері: “Жел де, теңіз де бағынатын бұл кім өзі?”— десті.
28 Иса теңіздің арғы бетіндегі ғадаралықтардың жеріне* келгенде, оған бойын жын билеген екі кісі кездесе кетті+. Қабірлер арасынан шыға келген олар құтырған әрі аса қауіпті еді, сондықтан ешкімнің бұл жолмен жүруге жүрегі дауаламайтын. 29 Олар: “Құдай Ұлы, мұнда неге келдің+? Бізді белгіленген уақыттан бұрын жазалауға+ келдің бе?”— деп айқай салды+. 30 Алысырақта көп шошқа жайылып жүрген болатын+. 31 Жындар Исадан: “Бізді қумақ болсаң, ана шошқаларға жібере көр”,— деп өтінді+. 32 Ол: “Барыңдар!”— деді. Сонда жындар әлгі екі кісінің бойынан шығып, шошқаларға кірді. Сол кезде шошқалардың бәрі жардан теңізге қарғып, суға батып өлді. 33 Ал бақташылары қашып кетіп, қалаға барып, жұртқа болған жайттың бәрін, бойын жын билеген адамдармен не болғанын да айтып берді. 34 Сонда бүкіл қала Исаның алдынан шықты. Оны көргенде, аймақтарынан кетуін жалынып сұрады+.