Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры.
139 Уа, Ехоба, сен мені мұқият тексердің, мені жақсы білесің+.
2 Отырғаным да, тұрғаным да өзіңе аян+.
Ойларымды да алыстан ұғасың+.
5 Мені алды-артымнан қоршайсың,
Үстіме қолыңды қоясың.
7 Сенің рухыңнан қайда қашып құтылмақпын?
Жүзіңнен қайда барып жасырынбақпын+?
9 Қиыр шалғайдағы теңізге барып тұру үшін,
Таң шапағының қанатына мініп ұшып кетсем де,
10 Сенің қолың мені бастап алып жүрер еді,
Оң қолың сүйемелдер еді+.
11 “Мені қараңғылық жасырады” десем,
Түн жарыққа айналар еді.
12 Қараңғылық та сен үшін тым қараңғы болмас еді,
Сен үшін түннің өзі күндіздей жап-жарық+,
Түнекте де бәрі ап-айқын көрінер еді+.
Сенің істерің неткен ғажап+!
Мұны мен жақсы білемін.
15 Құпия жерде жаратылғанымда,
Ана құрсағының түкпірінде тоқылғанымда,
Сүйектерім сенен жасырын болмады+.
16 Тіпті ұрық күйімді көздерің көрді,
Оның бірде-бір бөлігі әлі пайда болмай тұрып,
Қалыптасатын күндері сенің кітабыңда жазылып қойылған еді.
17 Сенің ойларың маған сондай қымбат+!
Уа, Құдай, олардың саны неткен көп+!
Таңертең оянғанымда, әлі де өзіңмен біргемін*+.
19 Уа, Құдай, зұлымды сұлатып салсаң ғой+!
Сонда қанішерлер менен аулақ кетер еді.
21 Уа, Ехоба, сен жек көретіндерді мен де жек көремін емес пе+?
Саған қарсы шыққандар мен үшін де жеркенішті емес пе+?
23 Уа, Құдай, терең үңіліп, жүрегімде не бар екенін көрші+.
Мені тексеріп, мазалайтын ойларымды білші+.