Нақыл сөздер
2 Балам, егер айтқандарымды тыңдасаң,
Өсиеттерімді* қазынадай сақтасаң+,
2 Құлағыңды даналыққа түрсең+,
Жүрегіңді парықтылыққа бұрсаң+,
3 Сондай-ақ түсінікті шақырсаң+,
Парықтылыққа дауыстап үн қатсаң+,
4 Оларды күміс іздегендей іздей берсең+,
Жасырулы қазына қазғандай табуға тырыссаң+,
5 Сонда Ехобадан қорқудың не екенін білесің+,
Құдай туралы білімді табасың+.
7 Шыншыл адам үшін даналықты сақтайды.
10 Даналық жүрегіңе ұялағанда+,
Білімнен жаның рақат тапқанда+,
11 Саналылық сені аман сақтайды+,
Парықтылық сені қорғайды,
12 Аман сақтау үшін сені жаман жолдан,
Жалған сөйлейтін адамнан+,
13 Тура жолдан тайып,
Түнек жолына түскендерден+,
14 Жамандық істеп, қуанатындардан,
Сұмдық жасап, шаттанатындардан,
15 Қисық жолда жүргендерден,
Қулық-сұмдыққа берілгендерден.
18 Оның үйі өлімге апарар,
Ал іздері көрге жетелер+.