Римдіктерге
12 Сондықтан, бауырластар, Құдай жанашырлық танытқандықтан сендерден мынаны өтінемін: денелеріңді+ тірі, қасиетті+, Құдайға ұнамды құрбандық ретінде ұсыныңдар. Осылай еткендерің ақыл-ойларыңды+ іске қосып атқарған қасиетті қызметтерің болмақ. 2 Бұдан былай осы заманның* өмір салтын үлгі етпеңдер*, қайта, ой-саналарыңды жаңартып+, түбегейлі өзгеріңдер. Сонда Құдайдың ізгі де ұнамды әрі кемелді еркіне не жататынына көз жеткізе аласыңдар+.
3 Құдайдың маған көрсеткен рақымына негізделе отырып, әрбіріңе мынаны айтамын: өздерің туралы тиістісінен артық ойламаңдар+. Қайта, есті болып, Құдай әрқайсысыңа берген сенімнің+ мөлшеріне сай ойлаңдар. 4 Денеміз көп мүшеден тұрады+, бірақ әрқайсысы әртүрлі қызмет атқарады. 5 Сол сияқты, біз де көп болғанымызбен, Мәсіхпен бірліктегі бір денені құраймыз және өзара байланыстағы мүшелерміз+. 6 Құдайдың рақымымен біз әртүрлі сыйға ие болдық: пайғамбарлық ету сыйын алған болсақ+, өзімізге берілген сенімге сай пайғамбарлық етейік; 7 үлесімізге қызмет ету тиген болса, соны атқарайық; кім тәлімгерлік сыйына ие болса, тәлім берсін+; 8 кімде жігер беру* сыйы болса, сонысын орындасын+; кімге үлестіру тисе, жомарттықпен үлестірсін+; кім жетекшілік етсе, оны бар ынтасымен атқарсын+; кім мейірімділік көрсетіп жүрген болса, мұны қуанышпен істесін+.
9 Сүйіспеншіліктерің шынайы болсын*+. Жамандықтан жиреніңдер+, ал жақсылықтан ажырамаңдар. 10 Бір-біріңді туған бауырлардай жақсы көріңдер. Бір-біріңе бірінші болып құрмет көрсетіңдер+. 11 Еріншек болмай, істеріңді ынта-жігермен атқарыңдар+. Рухтың әсерімен жалындай беріңдер+. Ехобаға құл іспетті қызмет етіңдер+. 12 Үміттеріңе қуаныңдар. Қиыншылықта табанды болыңдар+. Ұдайы дұға етіңдер+. 13 Мұқтаждық көрген қасиеттілермен өздеріңде бармен бөлісіңдер+. Әрдайым қонақжай болыңдар+. 14 Өздеріңді қудалағандарға жақсылық тілеңдер+. Оларды қарғамаңдар, қайта, баталарыңды беріңдер+. 15 Қуанғандардың қуанышына, қайғырғандардың қайғысына ортақ болыңдар. 16 Өздерің туралы қандай ойда болсаңдар, басқалар жөнінде де солай ойлаңдар. Өздерің жайлы тым жоғары ойда болмай, қайта, кішіпейіл болыңдар+. Өздеріңді ақылды санамаңдар+.
17 Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар+. Жұрт дұрыс деп есептейтінді істеуге тырысыңдар. 18 Қолдарыңнан келгенше, барлық адамдармен тату болыңдар+. 19 Сүйікті бауырластар, өздерің үшін кек алмаңдар, оны Құдайдың қаһарына қалдырыңдар+. Өйткені былай деп жазылған ғой: “Кек алу — менің ісім, есесін мен қайтарамын,— дейді Ехоба”+. 20 Қайта, “жауың ашықса, оны тамақтандыр; шөлдесе, ішетін су бер. Осылай етуіңмен оның басына қызып тұрған шоқ үйесің*”+. 21 Жамандықтан жеңілмей, оны әрдайым жақсылықпен жеңіп шық+!