Тімөтеге 1-хат
3 Мына сөздер тура айтылған: егер біреу бақылаушы міндетіне ұмтылса+, оның игілікті істі қалағаны. 2 Бақылаушы еш кінәратсыз, бір ғана әйелі бар, барлық жағынан байсалды, есті*+, іс-әрекетіне ұқыпты, қонақжай+, тәлім беруге қабілетті+, 3 не маскүнем+, не қатыгез емес, иліккіш болуы керек+, сондай-ақ даукес те+, ақшақұмар да болмауы тиіс+. 4 Сонымен қатар отбасына жақсы басшылық ететін+, ал балалары мойынсұнғыш әрі тәртіпті болуы керек. 5 (Егер адам өз отбасына басшылық етуді білмесе, қалайша Құдай қауымын қамқорлай алады?) 6 Ол сенімді жаңа қабылдағандардан болмасын+, әйтпесе кеуде көтеріп, Ібіліске шығарылған үкімге ұшырауы мүмкін. 7 Сондай-ақ жұрт сөзіне ілікпеуі және Ібілістің торына түсіп қалмауы үшін қауымнан тысқары адамдар алдында жақсатты болуы тиіс+.
8 Сол сияқты, қызмет көмекшілері де салиқалы болсын. Сондай-ақ екіжүзді не шарапқа құмар болмай, ашкөздікпен арам олжа іздемей+, 9 қайта, сенімнің қасиетті құпиясын таза ар-ұжданмен ұстанатын болсын+.
10 Алдымен, олардың бұл іске сай келетіндігі сыналсын. Егер айыпсыз болса+, онда қызмет етсін.
11 Тап солай, әйелдер де салиқалы, ешкімге жала жаппайтын+, барлық жағынан байсалды, қай нәрседе де адал болуы тиіс+.
12 Қызмет көмекшісі бір ғана әйелі бар, бала-шағасы мен үй ішіне жақсы басшылық ететін адам болсын. 13 Өйткені қызметін жақсы атқаратындар жақсатқа ие болады және мәсіхшілердің сенімі жөнінде барынша еркін сөйлейді.
14 Жақында саған барамын деп үміттенемін, сөйтсе де осыларды жазып отырмын. 15 Себебі кешігіп жатсам, Құдай отбасында+, яғни тірі Құдайдың қауымында, өзіңді қалай ұстау керектігін білсең екен деймін. Ал қауым — шындықтың тірегі әрі қорғанышы. 16 Расында да, Құдайға шын берілгендіктің қасиетті құпиясы аса зор: “Ол адам ретінде көрінді+, рух ретінде әділ деп жарияланды+, періштелерге көрінді+, халықтар арасында уағыздалды+, жер бетіндегілер оған сенді+, ұлылықпен көкке қабылданды”.